+7 (7172) 21 04 54
  proin.kz@mail.ru
  Скачать
   
Қаз / Рус
КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ,ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттар
  • Басшылық
  • Салалық Кеңес мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Аумақтық ұйымдар
Құжаттар
  • Алқалық органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқу
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Суреттер
Бейнелер
Сұрақ-Жауап
  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа
Байқаулар
  • Байқаулар
Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттар
  • Басшылық
  • Салалық Кеңес мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Аумақтық ұйымдар
Құжаттар
  • Алқалық органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқу
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Суреттер
Бейнелер
Сұрақ-Жауап
  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа
Байқаулар
  • Байқаулар
  Скачать         Қаз / Рус
  • Біз туралы
    • Назад
    • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттар
    • Басшылық
    • Салалық Кеңес мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Аумақтық ұйымдар
  • Құжаттар
    • Назад
    • Құжаттар
    • Алқалық органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
  • Қызметі
    • Назад
    • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқу
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
  • Баспасөз қызметі
    • Назад
    • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Суреттер
  • Бейнелер
  • Сұрақ-Жауап
    • Назад
    • Сұрақ-Жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Назад
    • Байқаулар
    • Байқаулар
  • +7 /7172/ 21-04-54
Будьте на связи
Нур-Султан, проспект Абая, 38, офис 315
no-reply@mail.ru
  • Facebook
  • Вконтакте
  • Instagram
  • YouTube

Еңбекақы төлемі

  • Басты бет
  • Еңбекақы төлемі
АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСТАРЫНА САУЫҚТЫРУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ ҚАНДАЙ МӨЛШЕРДЕ ТӨЛЕНЕДІ?

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен құрылған мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтардың айлық жалақысын есептеу үшін «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ 8 б. 3 т. сәйкес, аптасына нормативтік оқу жүктемесі белгіленген.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақының мөлшері аптасына белгіленген нақты оқу жүктемесі есебінен анықталады.
Кәсіподақ бұл мәселе бойынша нақты түсіндірмелерді бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялаған.
Кейбір білім беру ұйымдарында педагогтарға ақылы еңбек демалысына берілетін сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері, олардың нақты жүктемесін есепке алмай, нормативті оқу жүктемесінен есептейді.
Жәрдемақы мөлшерін есептеудің мұндай тәсілі дұрыс па? Педагогтардың сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшерін нақты оқу жүктемесін есепке алмай анықтау, қолданыстағы заңнама нормаларын дұрыс түсінбеудің салдары болып табылады.
ҚР Еңбек кодексінің 139 б. 10 т. сәйкес, азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақысы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Осы тұста, лауазымдық айлықақы (ЛА): «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысының 3 т. 2) тармақшасына сәйкес, ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына қарай (жұмысшылар үшін) ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Педагогтардың жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.
Лауазымдық айлықықы көлемі оқу жүктемесімен анықталмайтын білім беру ұйымдарының штаттық қызметкерлерінің (басшылар, олардың орынбасарлары, әлеуметтік педагог, әдіскер, педагог-психолог және т.б.) жалақысын есептеу кезінде қиындықтар туындамайды.
Педагогтардың жекелеген санаттары үшін ҚР қолданыстағы заңнамасы еңбекке ақы төлеуді қалыптастыратын факторлардың бірі ретінде нормативті оқу жүктемесін белгіледі, соған сәйкес айлық жалақы анықталады («Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ 8 б. 3 т.
Оқу жүктемесінің нормативті мөлшері белгіленетін педагогтар үшін, лауазымдық айлықақы «айлық жалақы» болып табылады. «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығының 7 және 9 тармақтарында білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, оқытушыларына, тәрбиешілеріне және басқа да педагогтарға лауазымдық айлықақылар апталық нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес төленеді және олардың астрономиялық сағат бойынша жұмсаған жұмыс уақытына қарай белгіленеді.
Педагогтың айлық жалақысы лауазымдық айлықақыны олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен белгіленеді.
Осылайша, жалақының негізгі бөлігі есептеледі, оған еңбекақы жүйесінде қарастырылған үстеме мен қосымша ақылар кірмейді және де, ол қызметкердің шын мәнінде, лауазымдық айлықақысы болып табылады.
Осыған байланысты, сауықтыруға арналған жәрдемақы әр қызметкерге жеке, оның атқаратын лауазымына, орындаған жұмысына, еңбек көлеміне байланысты белгіленетін және төленетін лауазымдық айлықақы мөлшерінде төленеді.
Мұнымен келіспеу мүмкін емес, өйткені оқу жүктемесі аптасына 18 сағатты құрайтын мұғалім мен аптасына 27 немесе одан да көп сағатты құрайтын басқа мұғалімнің жұмыс көлемі, мөлшері әр түрлі, демек, әр түрлі лауазымдық айлықақы, яғни, үстеме және қосымша ақыларды қоспағанда, әр түрлі айлық жалақы болады.
Аталған айқындама бойынша қолданыстағы құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеудің алдын алу мақсатында, ҚР БжҒМ, «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімге 9.2 тармағын енгізіліп, онда жұмыс беруші өзіне төмендегідей міндеттеме алды: «Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде, лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз ету. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленген мұғалімдердің, оқытушылардың, қосымша білім беру педагогтерінің, тәрбиешілердің, басқа педагог қызметкерлердің сауықтыру жәрдемақыларының мөлшері еңбек демалысын беру күніне олардың нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Лауазымды қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негіздемеде тағайындалып, төленеді».
ҚР Еңбек кодексінің 1 б. 1т. 8) тармақшасына сәйкес, Салалық Келісім, тараптардың міндетті түрде орындайтын құқықтық актісі болып табылады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 97 б. 3 т. сәйкес, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу – келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (2778 теңге * 400 = 1 111 200 теңге).
Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына қатысты, егер оқу жүктемесінің 0,5 көлемінен аспайтын мөлшері қоса атқару жағдайында еңбек шарты негізінде орындалса, оларға лауазымдық айлықақы көлеміндегі сауықтыру жәрдемақысы төленеді.
Айта кету керек, жалпы қағида бойынша, ҚР Еңбек кодексінің 1 б. 56) тармақшасына сәйкес, қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақысы төленетін басқа жұмысты орындауы.

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АҚЫЛЫ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚҚАН КЕЗДЕ БЕРІЛЕТІН САУЫҚТЫРУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

Егер, білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары нормативті оқу жүктемесінің 0,5 көлемінен аспайтын мөлшерін қоса атқару жағдайында еңбек шарты негізінде орындаған болса, оларға еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақысы төленеді.
Осы тұста, айта кету керек, жалпы қағида бойынша, ҚР Еңбек кодексінің 1 б. 56) тармақшасына сәйкес, қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақысы төленетін басқа жұмысты орындауы.
Егер, білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына, белгіленген 40 сағаттан аспайтын апталық жұмыс уақыты ішінде оқу жүктемесі орындалған жағдайда, ақылы еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді.

Баспасөз қызметі
КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ
6 наурыз 2021
ТҰРАҚТЫ КӘСІПОДАҚ – ТИІМДІ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ
5 наурыз 2021
ПРОВЕДЕНЫ ЗАСЕДАНИЯ СОВЕТА И ИСПОЛКОМА ПРОФСОЮЗА
5 наурыз 2021
«ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ?»
5 наурыз 2021
МЕЖДУНАРОДНЫЙ ЖЕНСКИЙ ДЕНЬ
5 наурыз 2021
ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
5 наурыз 2021
ЖАҢА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
4 наурыз 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ
4 наурыз 2021
РЕГИОНАЛЬНОЕ СОГЛАШЕНИЕ – В ДЕЙСТВИИ!
3 наурыз 2021
БІЛІМПАЗ ШӘКІРТТЕР АНЫҚТАЛДЫ
3 наурыз 2021
Толық тізім
Жаңалықтарға жазыл
Біз туралы
Кәсіподақтың тарихы
Құрылтай құжаттар
Басшылық
Салалық Кеңес мүшелері
Атқару комитеті мүшелері
Тексеру комиссия мүшелері
Аумақтық ұйымдар
Қызметі
Әлеуметтік әріптестік
Құқықтық қызмет
Соттардың шешімдері мен қаулылары
Еңбекті қорғау
Жастар саясаты
Кәсіподақтық оқу
Халықаралық ынтымақтастық
Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
Алқалық органдардың қаулылары
Нормативтік құжаттар

Баспасөз қызметі
Жаңалықтар
Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
Мақалалар


 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
КӘСІПТІК ОДАҒЫ
Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Абай д., 38, офис 315
Тел/факс: +7 (7172) 210454,
E-mail: proin.kz@mail.ru
Барлық құқықтар қорғалған 2021.