Басқа
1. ЛА бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады: БЛА*5,24=17697*5,24= 92732 тг. - нормативті 18 сағат апталық оқу жүктемесіне; Мұғалімнің 26 сағ.оқу жүктемесіне ЛА: 92732*26/18=133946 тг.; ЛА түзету коэффициенті есебімен (қаңтар айынан 25 пайыз ЛА өсімі): ЛА = 133946*1,25 = 167432 тг.;
I, II немесе III топтардағы мүгедектігі бар тұлғаларға, мүгедек баланың ата-анасы, қорғаншылары, қамқоршыларының біріне стандарттық шегерімдердің (ЖТС босатылатын табыс) қолданылу тәртібі қандай?
ҚР Салық кодексінің 322-б. 2-т. сәйкес салық салуға жататын табыс –жұмыскердің еңбек шарты негізінде еңбек қатынастары барысында жұмыс берушіден алатын табысы (есептелген жалақысы) болып табылады.
Маңызды!
Жалпы жұмыскердің табысынан (есептелген жалақысы) ЖТС ұстау үшін ҚР Салық кодексінде көзделген бірқатар стандартты шегерімдер қарастырылған.
ҚР Салық кодексінің 346-б. 1-т. 2) және 3) тармақшаларына сәйкес:
▪️I, II немесе III топтардағы мүгедектігі бар ▪️жұмыскерлер;
▪️мүгедек бала;
▪️он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін – мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
▪️өмір бойына әрбір осындай адам үшін – "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
▪️асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала асырап алушылардың бірі;
▪️жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған ата-аналардың бірі
болып табылтын тұлғалар үшін стандартты шегерім күнтізбелік жылға айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 882 еселенген мөлшерін құрайды, яғни осы шама жеке табыс салығынан босатылады.
Аталған салықтық шегерімдер қолданбаған жағдайда, жеке тұлға өтініш пен растайтын құжаттарды жұмыс берушіге ұсынуға құқылы, солардың негізінде ҚР Салық кодекснің 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде табыстарға қайта есептеу жүргізеді.
Маңызды!
Сондықтан міндетті түрде жұмыскер ЖТС ұстамау туралы күнтізбелік жылға АЕК 882 еселенген мөлшерінде стандартты шегерімді қолдану жөнінде өтініш жазу керек! Сондай-ақ ата-ананың екеуі бірдей мұндай шегерімді пайдалануға құқылы емес. Ал, ЖТС толық төленуі үшін жауаптылық жұмыс берушіге емес, жеке тұлғаға жүктеледі.
Жұмыскердің есептелген жалақысынан АЕК 882 еселенген мөлшерінде ЖТС ұсталмайды.
2020 жылғы қаңтардан АЕК 882 еселенген мөлшері күнтізбелік жылда 2651*882 = 2 338 182 теңгені, айына 2 338 182 /12=194 848,5 тг., ал сәуірден 2778*882 = 2 450 196, айына 2 450 196/12 = 204 183 тенгені құрайды.
Мысалы: Жұмыскердің есептелген жалақысы 180 000 тенге, осы жалақы көлемінен ЖТС ұстала ма?
Есептейміз: ЖТС = (есептелген жалақы - МЗЖ - ЕТЖ - 882 АЕК) * 10%
Қаңтар ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -194 848,5) = -75 348,5 тг. =0;
Ақпан ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -194 848,5) = -75 348,5 тг. =0;
Наурыз ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -194 848,5) = -75 348,5 тг. =0;
Cәуір ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. =0;
Мамыр ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. =0;
Маусым ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. =0;
Шілде ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. =0;
Тамыз ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. =0;
Қыркүйек ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. = 0;
Қазан ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. = 0;
Қараша ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 -204 183) = -84 683 тг. = 0;
Желтоқсан ЖТС = (180 000 - 18 000 – 42 500 –232 186,5*) = -112 686,5 тг. = 0;
*Желтоқсан айына 882 АЕК салықтық шегерімнің көлемі: 2 450 196 - (194 848,5*3)+( 204 183*8) =232 186,5 тг.
Сонымен, есептеулер негізінде келтірілген мысал бойынша жұмыскердің салық салынатын табыс көлемі - 2 337 509,5 тг. күнтізбелік жылға АЕК 882 еселенген мөлшері - 2 450 196 аспағандықтан, ЖТС ұсталынбайды.
Газет-журналдарға мәжбүрлі түрде жаздырудан бас тартуға бола ма? Бұған қандай жаза қолданылады?
ҚР Конституциясының 20-бабы 2-тармағына сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Демек, қандай ақпарат құралдарынан мәліметтер алатынын азаматтар өздері анықтайды.
Сонымен қатар, басылымға жазылу міндеттемесі ешқандай нормативтік құқықтық актілермен бекітілмеген. Сондықтан да, мемлекеттік мекемелердің немесе жеке меншіктегі ұйымдардың қызметкерлерін БАҚ қандай да бір басылымына мәжбүрлі түрде жаздыруға құқықтық негіздер жоқ.
Қызметкердің басылымға жазылудан бас тартқаны үшін, жұмыс берушінің қандай да бір шаралар қолдануы дискриминациялық сипатқа ие және жұмыс беруші ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1- тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі, не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабы 2- тармағында азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады, сондай-ақ егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бас тартады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын белгiлеуде ерiктi екені көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 380-бабы 1-тармағында шарт еркіндігі принципінің мазмұны нақтыланған, яғни азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi.
Сонымен, белгілі бір газеттерге жазылымды азаматтарға рәсімдеу міндетті болуы үшін, мұндай міндетті қандай да бір тиісті заңнамалық актпен бекіту қажет. Ол кезде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 399-бабына сәйкес басылымға жазылуды шартты түрде міндеттеуге мүмкіндік туындайтын еді. Алайда, басылымға жазылу міндеттемесі ешқайда бекітілмеген. Сонымен қатар, ол жоғарыда келтірілген ақпараттарды алу еркіндігінің нормаларына анық қарама-қайшы келер еді.
Сондықтан да, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар немесе жеке меншіктегі ұйымдардың қызметкерлері болсын бұқаралық ақпараттық құралдардың қандай да бір басылымына мәжбүрлі түрде жаздыруға құқұқтық негіздер жоқ.
Педагог қызметкерлерді мәжбүрлі түрде газет-журналға жаздыру жағдайлары жиі орын алатындықтан, олар үшін қосымша қорғау тетігі пайда болды. ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының 6-бабының 2-тармағы, 4-тармақшасына сәйкес, педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.
Бұл норманы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 409 бабының 7-3 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мәжбүрлі түрде басылымға жазылудан бас тартқаны үшін жұмыс беруші қолданған кез келген санкцияға шағым жасалуы мүмкін.
ҚР Білім және ғылым министрлік пен «Kundelik» ЖШС мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарт аясында бірлесе отырып, 2016 жылдан бастап Республикамызда электрондық құжат айналымының автоматтандырылған жүйесі - «Kundelik» электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайданалатын қатаң есептіліктегі құжаттардыңнысанын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 қазаңдағы №502 бұйрығына сәйкес МЕКТЕПТЕ МҮМКІНДІК БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ТЕК ҚАНА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖУРНАЛ ҒАНА ТОЛТЫРЫЛАДЫ.
Сол себептен қағаз журналдарды қатар жүргізуге болмайды.
Сонымен қатар, аталған бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес МЕКТЕП ЖУРНАЛЫ оқу кезеңі ішінде және оқу жылының соңында МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ТОЛТЫРЫЛМАЙДЫ.