Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

Қазалы жастары – көш бастау жолында
8 қыркүйек 2017

Болашақта  қазіргі таңдағы жастар бейнесі билік тұтқасын ұстап,  елу елдің қатарына қосылып, қуатты ел тұғырына айналатын  заманда  белсенді орын алатын –қазіргі жастар келбеті. Осы ұрпақты  үлкен үмітпен тәрбиелеп, сенім артуға болатын мықты көшбасшы дайындау ,жастарды жан-жақтылыққа үйрету, белсенді де шығармашыл жастарды қолдау мақсатында  Қазалы аудандық кәсіподақ комитеті мен оның жанынан  құрылған «Серпін» жастар  кеңесінің   ұйымдастыруымен  аудандық «Шағала » лагерінде  «Қазалы жастары-көш бастау жолында » атты  жастар тынығу  лагері өткізілді.

2017 жылдың  28-29 тамызы күндері өткізілген бұл іс-шараға ауданымыздың мектептері мен балабақшаларынан белсенді де білікті деген   алпысқа тарта жас мамандар қатысты. Жоспарлы түрде жасалған  жұмыстардың бастамасы  таңертең қатысушылардың келіп, тіркеліп, лагерь  базасының таныстырылуынан басталды.  Жан-жақтан жиналған жастар «Серпін» жастар кеңесінің мүшелерінің  басшылық   жасауымен  «Самғау», «Жас қанат», «Ұшқын», «Болашақ   энергиясы» топтарына   бөлініп,  бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізуге бағыт-бағдар берілді.  Алғашқы бастаманы бір-бірін жақсы тануы үшін  «Қорғаушы періште » атты топтық сайыста  өз топ мүшелерімен танысудан бастады.  Жоспарланған жұмыстар барысында  №266 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айқожаева Алтын  «Жеке тұлғаны дамытудағы көшбасшылықтың маңызы » атты тренинг,  Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмағазиева Роза «Көшбасшы тұлға-жастар көзімен » тақырыбындағы коучинг пен «Көшбасшылық   бастамасы » атты тренинг  өткізіп,   тапсырмаларды  орындату арқылы   оқушыларды тәрбиелеуде де көшбасшылық қасиеттерін дамытуға жақсы әсерін тигізетін ойындарды ойнатып,  көшбасшы туралы мәліметтермен таныстырды.  Сонымен бірге лагердің ашылу салтанаты,  «Ой мен ойын» интеллектуалдық сайысы, эстафеталық жарыстар, көңілді старт,  «Жабайы арал» спорттық ойыны, «Қызыл кілем үстіндегі ұстаздар» топтық іс-шарасы ұйымдастырылып, жастардың белсенділігі, іскерлігі, сөйлеу шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті, өнері  байқалып, топпен бірге әсерлі де әдемі әндер айтылып, пікірлер ортаға   салынды.  Лагердің ашылу салтанатында  облыстық кәсіподақ   комитеті   төрайымының орынбасары Есқалиева Гүлнар,  қонаққа шақырылған мектеп директорлары атынан №266 мектептің директоры Жолтаев Болат , аудандық кәсіподақ   ұйымының төрағасы Әбілқасым Раман сөз сөйлеп, жастардың бастамасына оң сапар тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.  Ашылу салтанатында әр топ мүшелері ән айтып, би билеп, көрініс көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салып,  соңы  алау жанындағы би кешіне, «Шам жанындағы сырласу»  штаб отырысына жалғасты.  Екі күнге жоспарланған жұмыстардың нәтижесімен жастар   лагерінің  қорытындысында   іс шараларда өздерін көрсете білген, белсенділікпен қатысқан жастардың еңбегі еленіп, 20 жас маман  аудандық кәсіподақ ұйымының «Алғыс хатымен»,  8 мұғалім әр түрлі номинациялармен, әр топ өз өнерлерінің ерекшеліктеріне қарай   «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Осылайша көш бастаған Қазалы жастарынан біз болашақта да зор үміт күтеміз, оларға сенім артамыз.

Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жұмағазиева Роза Бөгенбайқызы


Последние новости

21 қараша 2017
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы комитеті төрағаларымен жиналысы өткізілді

20 қараша 2017
Талдықорған қаласында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқауы өтті

20 қараша 2017
БОЛАШАҚҚА БІРГЕ ҚАДАМ ЖАСАЙЫҚ!

20 қараша 2017
Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ

18 қараша 2017
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ І ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ

17 қараша 2017
ОҚО Мақтаарал ауданында еңбек заңнамасының сақталуы жөніндегі көшпелі семинары өттті

17 қараша 2017
«Ұлағаты мол ұстаз»

17 қараша 2017
Меліс Тоғжан облыстық „Педагогикалық дебют“ байқауының ІІІ орын иегері


 
  Пайдалы сілтемелер