Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Жаңалықтар

«Әлеуметтік әріптестікті дамытудағы кәсіподақтардың ролі» тақырыбындағы халықаралық Конференция
5 шілде 2017
2017 жылдың маусым айының 29-30 күндері Душанбе қаласында «Әлеуметтік әріптестікті дамытудағы кәсіподақтардың ролі» тақырыбындағы халықаралық Конференцияға Түрік мемлекеті білім  саласы кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Рамазан Сакирси, Ұлыбритания мемлекетінен Европа елдері білім саласы кәсіподағы ұйымының президенті Кристин Блоуэр, Белгияның Брюссель қаласынан Европа елдері білім саласы кәсіподағы ұйымының директоры Сюзан Флокен қатысты. Конференцияны Тәжікстан Республикасы тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Кодири Косим жүргізді. Сонымен қатар конференцияға Тәжікістан Республикасы президентінің әлеуметтік салаға жауапты комекшісі Рахмонзада Абдуджаббор, Тәжікістан республикасы Білім және ғылым министрі Нуриддин Сайд, Тәжікістан Республикасының ғылым академиясының президенті Фарход Рахими, Тәжікістан Республикасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Одиназода Ромозон т.б азаматтар қатысып халықаралық деңгейде білім саласы қызметкерлерінің құқығын қорғауда кәсіподақтардың бірлесіп атқарар жұмыстары туралы ұсыныстар айтты. Конференция барысында Европа елдеріндегі босқындар арасындағы білім саласы қызметкерлерінің және түрік мемлекетіндегі мемлекеттік төңкеріске ұмтылыс кезіндегі жұмыссыз қалған 10000 тарта мұғалімдердің жағдайы сөз болды. Конференцияға Қазақстан Республикасының атынан Оңтүстік Қазақстан облысы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің  қызметкерлері Сәдірмек Әлдібек Шынасылұлы және Мухтаров Дінмухамед Бауыржанұлы қатысып Қазақстандағы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жұмысы туралы мәлімдеме жасады.
Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер