Жаңалықтар
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның 2021 Жаңа жыл мерекесіне арналған құттықтауы
30 желтоксан 2020
Қадірменді достар,
құрметті әріптестер!
Баршаңызды есігімізден еніп, төрімізге озғалы отырған жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Биылғы жыл еліміз үшін оңай жыл болған жоқ. Бірақ, «әр нәрседе қайыр бар» демекші,
өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп.

Білім саласында болмаған тың тәжірибелер енгізіліп, салада ілкімді істер атқарылды.
Педагогтар қауымының да игілігі үшін оңды бастамалар жалғасын тауып жатыр.
Қашықтықтан оқыту жағдайында биыл Салалық кәсіподақ тарапынан сала қызметкерлері –
кәсіподақ мүшелерінің мүддесі мен құқығын қорғау бағытында жұмыстар атқарылды.

Жаңа 2021 жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс мол болсын!
Әр бастамаларыңыз сәттілікпен сабақтасып, ойға алғандарыңыз орындалсын. Бастысы, деніңіз сау,
басыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын. Шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт, бақ-береке тілеймін!

Жыл жақсылығымен келсін! Жаңа жылдарыңызбен!
Ізгі ниетпен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы А.Мұқашева