Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

ОҚО Мақтаарал ауданында еңбек заңнамасының сақталуы жөніндегі көшпелі семинары өттті
17 қараша 2017

Мақтаарал ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында  2017 жылдың 15 қарашасы күні ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының еңбек заңнамасының сақталуы жөніндегі көшпелі семинары болып өтті. Түрлі сала өкілдері бас қосқан алқалы жиынды ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы А.Мамытбеков ашып беріп жүргізіп отырса, басқарма басшысының орынбасары Б.Нұрмаханов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы З.Маханова, ОҚО кәсіпкерлік палатасының Мақтарал аудандық филиалының директоры Т.Бапаевтар күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойыншабаяндамалар оқыды.

ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы А.Мамытбеков өз сөзінде бүгінгі күнде өзі басшылық етіп отырған басқармаға келіп түскен арыз-шағымдардың мазмұны мен ауқымы, оларды шешу жолында кездесетін қиындықтар мен осындай келеңсіз айтыс-тартыстардың алдын алу үшін атқарылуы тиіс жұмыстар туралы өз ойларымен бөліссе, басқарма басшысының орынбасары Б.Нұрмаханов Мақтарал ауданы бойынша басқармаға жолданған арыз-шағымдар мен олардың шешімдері туралы кең көлемде шолу жасап, атқарылған жұмыстар туралы мағлұмат беріп өтті. Келесі сөз кезегіне шыққан «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы З.Маханова атсалысып отырған бүгінгі алқалы жиында қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – мекеме мен жұмыс орындарындағы еңбек заңнамасының сақталуы туралы келелі ойлар айтылып, мазмұнды да мағыналы сұхбат жүргізіліп отырғанын айта келе білім саласы қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауда, мұғалімдердің беделін биіктетуде атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды. Кәсіподақ жетекшісінің мәліметі бойынша Мақтарал аудандында білім саласында кәсіподақ ұйымының атсалысуымен төмендегідей жұмыстар атқарылып отыр:

«ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Кәсіподақтарды қоғамдық бақылауды өз қолдарына алуға шақырамын» деген бастамасымен еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қорғайтын бірегей құжат  - «Ұжымдық шарт» өмірге келсе, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық, еңбек қатынастарын реттеуді ұжымдық-келісімдік қағидалар негізінде жүзеге асыратын құжат қазірде аудан көлеміндегі барлық білім мекемелерінде тұрақты қолданылып келеді. Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті тарапынан және барлық білім беру ұйымдарында Әлеуметтік-әріпттестік комиссиялары құрылып, Ұжымдық шарт пен келісім талаптарының орындалуына жылына 2 рет зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Зерделеу жұмыстарының қорытындылары аудан көлеміндегі жалпы жиналыста талқыланып, тиісті шешімдер қабылдана отырып, осы мақсаттағы жұмыс бағыттары айқындалып отырады.

Мәселен, былтырғы оқу жылында жалақының уақытылы төленбеуі, білім саласы қызметкерлерінің зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына уақытылы және толық аударылмауы сияқты келеңсіздіктер орын алып, осының салдарынан декреттік демалысқа шыққан әріптестеріміздің тиісті жәрдемақысы уақытылы төленбей қалуы сияқты жағдайлар орын алған болса, екіжақты талдап-саралау, жұмысшы тобын құра отырып зерделеу жұмыстарын жүргізу арқасында биылғы жылы ондай кемшіліктер орын алып жатқан жоқ.

Жұмыстан заңсыз босату бойынша  кәсіподақ комитетіне биылғы жылы 2 арыз түскен болса, оның бірі қанағаттандырылып, М.Жұмабаев атындағы ЖОМ мұғалімі Ахметова Айгерім қайта өз жұмысына кірісті, ал, Тұрсын Заде атындағы ЖОМ мұғалімі У.Туйматов жұмысынан заң талаптарына сай босатылғаны анықталып, арыз қанағаттандырылмады.

Зиянды жұмыста істегені үшін 2016-2017 оқу жылында 493 жұмыскер қосымша ақы алған болса, биыл осы категория бойынша 514 дадам тиісті қаражатпен қамтылып отыр. Бірақ, осы қаражаттың басқа аудандырмен салыстырғанда әлі де аз мөлшерді құрап отырғанын ескеріп, жергілікті атқарушы билік органдарына аталған категория бойынша төленетін төлем соммасын арттыру жолдарын қарастыруға ұсыныс білдіремін.

Коммуналдық шығындарды өтеу үшін ауылды жерде жұмыс істейтін әрбір қызметкерге жыл сайын 2 000 теңге мөлшерінде қосымша төлемақы беріліп келуде. Алайда, осы орайда инфляция деңгейі мен күнкөрістің ең төменгі мөлшерінің жыл сайын өсіп отырғаны ескерілмеуде. Қазірде қатты отын – көмірдің бір тоннасы 23 000-25 000 теңге көлемінде екендігін ескерсек, әрине, ажыратылып отырған бұл қаражаттың жыртыққа жамау болмасы анық. Осы мәселеге байланысты алдағы жылдары педагог қызметкерлерге коммуналдық төлем үшін бөлінетін әлеуметтік көмек ақша сомасын арттыру жөнінде аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы П.Бахтияров аудан Әкімі мен мәслихат хатшысына қызметтік хат жолдап, осы мәселе қазірде шешімін табуға жақын болып отыр.

Жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуы бойынша тағы бір атап өтерлік биылғы жылдың жетістігі - тегін медициналық тексеруден өткізу үшін бюджеттен қаржы ажыратылуы болып отыр. Осы мақсатта аудандағы азаматтық қызметшілер үшін биылғы жылы 7 036 000 (жеті миллион отыз алты мың) теңге қаражат аударылып, тиісті жұмыстар үшін жұмсалды.»

Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков қорытындылап, мекеме мен жұмыс орындарындағы еңбек заңнамасының сақталуы үнемі жергілікті атқарушы билік өкілдерінің назарында екенін тілге тиек ете келе, жұмыскерлердің лайықты еңбекпен қамтылуы, олардың әлеуметтік-құқықтары заң талаптарымен қорғалуы мақсатында түрлі сала өкілдерімен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып отырғанын айтып өтті. Бүгінгі көшпелі семинар ұйымдастырушыларына, барлық қатысушыларға маңызды да мазмұнда іс-шараға белсене атсалысқандары үшін алғыс білдірді.

Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер