Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ І ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ
18 қараша 2017

2017 жылдың  17 қараша айында  Батыс Қазақстан облысының  Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  күніне  арналған Батыс Қазақстан облыстық  білім  және  ғылым  қызметкерлері  кәсіподағының  Жастар  ісі жөніндегі Кеңесінің  І  форумы ұйымдастырылып өткізілді.

Форум жұмысына Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері  кәсіподақ  ұйымының Атқару Комитетінің мүшелері  Ақжарқын Темирханова, Жаннат Нұрахметовалар және 12 аудандық,  қалалық және облыстық білім беру орталықтары мен білім беру мекемелері, колледждер, М.Өтемісов атындағы БҚМУ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ төрағалары, Жастар ісі жөніндегі Кеңесінің мүшелері, Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Орынбасар Тулемисов  және  Бөрлі  ауданының  ұстаз  ардагерлері Тлеуғали  Мусагалиев,  Ақжібек Джумагулова,  Любовь Китқатысты. Форумға барлығы 200- ден  астам кәсіподақ мүшелері  қатысты.

Форумның мақсаты мен міндеті  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының» Жастар Кеңес  мүшелерінің Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын  талқылай отырып, оның өскелең ұрпақтың саналы, бәсекеге қабілетті болуы мен ұлттық болмысымызды айшықтауға негіз болатынын түсіндіру және үш тілді білімді меңгеру туралы  жаңашыл талаптарына қолдау білдіру.

Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев Тұңғыш Президенті күніне арналғанКәсіподақ Жастарының облыстық І-ші Форумының  ашылуымен құттықтап, сәтті өтуіне тілек білдірді.

Форум жұмысының ІІ бөлімінде, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жастар ісі жөніндегі Кеңесінің төрағасы Самат Аханов Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында, еліміздің дамуына бәсекеге қабілетті білімді де білікті жастарға жастарға үміт артып, сенім білдіретінің  жеткізді. Осы бағытта Батыс Қазақстан облыстық білім саласының кәсіподағы үнемі жастарға қолдау білдіріп, Жолдаудағы тапсырмалардың жүзеге асырылуына  атсалысып отыраты туралы баяндады.

Бағдарлама бойынша баяндама жасағандар: Оразбаева Жансая Амантайқызы – Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жастар ісі жөніндегі Кеңес  төрағасының орынбасары; Умаров Жасұлан Жігерұлы – Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жастар  ісі  жөніндегі Кеңесінің мүшесі; Ихсанова  Нұргүл  Рамазанқызы – Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жастар  ісі  жөніндегі Кеңесінің мүшесі; Симбиева Гульмира Талғатқызы – Бөрлі аудандық кәсіподақ ұйымының Жастар  ісі  жөніндегі Комитетінің мүшесі.

Форум жұмысында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жастар ісі жөніндегі Кеңес мүшелері Үндеу қабылдады және кәсіподақ қозғалысының белсенді жастары облыстық кәсіподақтың құрмет грамотасымен марапатталып, ардагер ұстаздарға гүл шоқтары мен заттай сыйлықтар табыс етілді.

Жастар Кеңесінің І облыстық форумы «Атамекен» әнінің шырқалып, флешмобпен  жабылды.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ  КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ

Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер