Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

Талдықорған қаласында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқауы өтті
20 қараша 2017

17 қараша  күні Алматы облысы білім басқармасының әдістемелік кабинеті «Табысты басшы» жобасын жүзеге асыруда шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау және білім беру ұйымының табысты көшбасшыларын насихаттау мақсатында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы»    облыстық байқауын өткізді.

Байқау келесі кезеңдерді қамтыды: «Мен табысты басшымын» интербелсенді таныстырылым,  «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» жобасы және шығармашылық көрме: авторлық тұжырымдама, авторлық бағдарламалар,  әдістемелер,  стратегиялық және тактикалық жоспарлау негізіндегі басқару жұмыс жүйесі.

Қатысушыларды бағалау барысында соңғы 3 жылдағы жұмыс нәтижелерін көрсете білуі, тұлғалық және кәсіби қасиеттерін ашуы, педагогикалық командасын  құру және басқару қабілеттілігі, ілгері идеяларды қолдана білуі, тәжірибелік құндылығы, жобаның инновациялығы сияқты критерийлерге назар аударылды. Аталған іс-шара барысында қатысушылар  байқау ережесіне сәйкес интербелсенді таныстырылым, жоба және шығармашылық көрме қорғады.

Байқаудың облыстық кезеңіне жалпы білім беретін білім беру ұйымдарынан 18 мектеп басшысы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, облыстық әдістемелік кабинетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, «Мектептің табысты менеджері» және «Шағын жинақталған мектептің табысты менеджері» номинациялары бойынша дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапаттады. Байқау қорытындысы  төмендегідей:

І орын – Г.Еспанова, Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясының директоры;

ІІ орын – Н.Нұрбаев, Қапшағай қаласы №6 орта мектеп директоры;

ІІ орын – Ш.Бозов, Ескелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің директоры;

ІІІ орын – Л.Байсұлтанова, Текелі қаласы «№3 орта мектеп - мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің директоры;

ІІІ орын – Н.Нұрғалық, Панфилов ауданы «А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің директоры;

ІІІ орын – С.Садиева, Алакөл ауданы «М.Төлебаев атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ-нің директоры;

«Мектептің табысты менеджері» номинациясы - Г.Дихамбаев, Қаратал ауданы Б.Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясының директоры;

«Мектептің табысты менеджері» номинациясы –Ж.Кулиева, Қарасай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры;

«Шағын жинақталған мектептің табысты менеджері» номинациясы - Е.Нүсүпбеков, Кербұлақ ауданы Шилісу негізгі мектебінің директоры.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі 

Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер