Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРІ АРАСЫНДА «ҮЗДІК МЕХАНИЗАТОР – 2018» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
19 маусым 2018
2018 жылдың маусымында Жастар арасында жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау және заманауи жағдайда олардың беделін арттыру мақсатында Зеленов ауданы, Зеленов колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ауыл колледжінің студенттері арасында «Үздік механизатор – 2018» облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев және облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Кадырова, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Б.Есенғалиев, техникалық және кәсіптік білімді дамыту мен кадрларды даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің мүшелері, колледж директорлары, Зеленов ауданының әкімшілігі және Зеленов колледжінің ардагерлері мен кәсіподақ мүшелері қатысты.
Облыстық байқаудың бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды:
I кезең – «Тестілеу» қатысушылардың теориялық білімдерін анықтайтын тур;
II кезең – Кәсіби шеберлік (тракторды 5 әдіспен жүргізу);
III кезең – Практикалық бөлім (Жер жырту).
Байқау соңында жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сертификаттар және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының» төрағасы Марат Даупаев байқаудың жүлдегерлерін алғыс хаттармен марапаттап, заттай бағалы сыйлықтар табыстады:
І орын иеленген Рубежка колледжінің студенті Темірболатов Дарын – өндірістік оқыту шебері Кобанов Александр Петрович;
ІІ орын иеленген Зеленов колледжінің студенті Новеньков Игорь – өндірістік оқыту шебері Погодаев Виктор Яковлевич;
ІІІ орын иеленген Ақжайық аграрлық – техникалық колледжінің студенті Омар Әлишер – өндірістік оқыту шебері Кунбатиров Есболсын Қанатұлы.
Ал, екі күнге созылған байқауда студенті ІІ орын иеленген Зеленов колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының өндірістік оқыту шебері, белсенді кәсіподақ мүшесі Виктор Погодаевтың білім саласындағы көпжылғы еңбек өтілін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы атынан «Зеленый бор» шипажайына тегін жолдама берілді.

Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподағы
Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер