Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

Панфилов ауданында ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы анықталды
19 маусым 2018
18 маусым күні білім және ғылым қызметкерелері Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Панфилов аудандық кәсіподақ комитеті «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауын өткізді.
Байқау Жаркент қаласындағы № 6 орта мектеп-интернатында өтті. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған сайыста 49 бастауыш кәсіподақ ұйымы өзара бақ сынасты. Әрбір қатысушы өзін таныстырып, атқарған жұмысына есеп беріп, тәжірибесімен, жетістіктерімен бөлісті.
Әділқазы алқасының шешімімен төмендегі бастауыш кәсіподақ ұйымдары иеленді:
III орын:
Головацкий атындағы орта мектеп (төрағасы Е.Ыбрайымжанов),
№6 орта мектеп (төрағасы М.Медеуқұлов),
Сатай батыр атындағы орта мектеп (төрайымы М.Әділжанова),

II орын
А.Розыбакиев атындағы орта мектеп (төрайымы А.Умирбаева),
Үлкеншыған орта мектебі (төрағасы Е.Керейбаев)

I орын
Ә.Қастеев атындағы орта мектеп(төрайымы Ж.Исаева).

Шараны білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Панфилов аудандық комитетінің төрағасы М.Тұрлыбеков қорытындылап, жүлдегерлер мен белсене қатысушыларды аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапаттады.

ЖАНСАЯ КЕНЖЕБЕК, Білім және ғылым қызметкерлері
Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің маманы
Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер