Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

Текелі қаласында техникалық инспекторларға арналған оқыту семинары ұйымдастырылды
20 маусым 2018
19 маусым күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарсты Текелі қалалық кәсіподақ комитетінің желілік кестесіне сәйкес техникалық еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша "Қауіпсіз еңбек - сәттіліктің кепілі" тақырыбында техникалық инспекторларға арналған семинар өтті.
Текелі кәсіптік колледжінде өткен семинарға Талдықорған аумақтық ұйымының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бас маманы Мэлс Төлепбергенов, Текелі қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғаныс майоры Қ.Қалыков және Текелі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы А.Дүкенова қатысты.
Білім мекемелеріндегі техникалық инспекторлар толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, осындай кәсіподақ белсенділерін оқытуға арналған семинарлар жиі ұйымдастырылса деген тілектерін айтты.

Білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының
баспасөз қызметі
Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер