Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

«Еңбек шартын жасаңыз» республикалық акциясы қарқынды жүргізілуде
22 маусым 2018

«Еңбек шартын жасаңыз» республикалық акциясы шеңберінде Павлодар облысының Павлодар ауданында білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты: формальды емес еңбек шарттарын болдырмау және анықтау, еңбек шарттарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек саласында құқықтары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру болып табылды. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының құқықтық мәселелері жөніндегі бас маманы Джаркенова Г.О. бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары арасында келесі еңбек шартының әр тарауы бойынша түсініктеме берді:

-         еңбек шартын жасау мерзімінің түрлері;
-         еңбек уақытының режимі;
-         еңбек төлемінің мөлшерлері және шарттары;
-         еңбек шартын бұзу және өзгерту тәртіптері;
-         тараптардың жауапкершілігі.

Еңбекақы төлеу, емдеу және демалыс төлемақысы бойынша толық ақпарат берілді. Еңбекақы айына бір рет келесі айдың онкүндігіне дейін төленеді. Сонымен қатар еңбекақы төлеу мерзімі еңбек және ұжымдық келісімшарттарда қаралуы тиіс.

Еңбекақыны төлеу және басқа төлемдер жұмыс берушінің кінәсінан кешіктірілген болса қызметкермен еңбек шартын бұзылған жағдайда жұмыс беруші қарызды және өсімді төлейді.

Жұмысберуші белгіленген уақытта еңбекақыны толық төлемесе, сонымен қатар кешіктіргені үшін өсімді төлемесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жұмысберуші еңбекшартын құрмаған немесе бас тартқан жағдайда, жұмысшы ҚР заңнамасымен қарастырылған келесі маңызды жеңілдіктерді жоғалтады:

- еңбек өтілін;
- өндірістік жарақатқа ұшырғанда сақтандыру жағдайы басталу кезін;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кепілдік пакетін;
- ҚР Еңбек кодексімен қарастырылған кепілдіктерін;
- жұмыс уақытының және жұмыстағы үзілістердің нормаларын сақтау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және т. б.

 Семинар бастауыш ұйым төрағаларына еңбек заңнамасы саласында, еңбек шартын жасау және бұзу мәселелері бойынша білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Тезекбаева С.О., Павлодар аудандық білім
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы

Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер