Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

Талдықорғанда техникалық еңбек инспекторлары бас қосты
24 сәуір 2019
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Қауіпсіз еңбек» дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының заңгері Әсет Қайырхан, Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Мэлс Төлепбергенов, Алматы облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қахарман Жақсылық, Ескелді ауданының бас техникалық испекторы Рамиль Абдуллин және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының техникалық еңбек инспекторлары қатысты. Шара барысында оқыту процесі кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша сөз қозғалып, өзара тәжірибе алмасты. Сондай ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар колледж шеберханасы жұмысымен танысты. Шара соңында белсенді жұмыс жүргізген Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің және «Олимп» кәсіптік регби клубының техникалық еңбек инспекторлары Бурхан Исмаилов пен Әсем Хаймулданова Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алматы облыстық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподақ
ұйымының баспасөз қызметі
Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер