Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

«Ұстаз. Жастар. Болашақ-2019»
19 маусым 2019

18 маусым күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай және оқу жылын қорытындылау мақсатында «Ұстаз. Жастар. Болашақ-2019» форумы жетінші мәрте ұйымдастырылды. Форум барысында колледж директоры Е.Нұрғалиев ұжымға құттықтау сөзін арнап оқу жылындағы жетістіктерге тоқталды. Зейнеткерлік жасқа жеткен оқытушы А.Төлегенова, қызметкер А.Успанованы колледж директоры және бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан алғыс xат және ақшалай сыйақымен марапаттап, құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Форум қонақтары оқу орнымен тығыз байланыста жұмыс жасаған әлеуметтік серіктестерге колледж директоры алғыс xаттар табыстады. Форумға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы А.Серимбетов қатысып, ұжымға құттықтау лебізін білдірді және болашақ маман даярлауға қосқан зор үлесі үшін зейнеткерлік жасқа жеткен оқытушы А.Төлегенова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Екибасованы облыстық кәсіподақ есебінен шипажайға сертификатпен, оқытушылар: А.Майлышева, З.Максимованы Құрмет грамотамен және сыйақымен, жас ұстаздар Г.Олжабаева, А.Мүлкаманованы Алғыс xатпен және сыйақымен Облыстық кәсіподақ ұйымы атынан марапаттады. айырықша жетістіктерімен ерекшеленген 55 студентке және «Үздік бөлім», «Үздік топ», «Ең үздік оқу әдістемелік бірлестік» номинациялары иегерлеріне дипломдар және сертификаттар табысталды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ

Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер