Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы «Мектепке жол» акциясын өткізді
31 шілде 2019

Талдықорғанда «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық шарасы басталды. Әлеуметтік бағыттағы бастама бүкіл ел бойынша 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Жыл сайын өтілетін қайырымдылық шарасында балаларды барынша  қамтуға басымдық беруде. Аталған шараны алғашқылардың бірі болып, Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.

Оған Алматы облыстық ұйымы, Талдықорған, Текелі  қалалық,  Ескелді,  Көксу,  Қаратал  аудандық  және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кәсіподақ филиалдарының  төрағалары, ата-аналар және оқушылар қатысты.

Шараның мақсаты– еліміздің ертеңі-балаларға қамқорлық көрсету, көпбалалы отбасылардың балаларына сапалы білім алуына мейлінше жағдай жасау, мекеме басшылары мен қайырымды жандарды акцияға қолдау көрсетуге шақырып, балаларға демеушілік жасау.

Акция барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров сөз алып, оныншы мәрте өткізіліп отырған шараға Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен өзгерістер енгенін айтып, енді екі ай ғана емес жылдың барлық мерзімінде оқушыларға мүмкіндігінше көмек көрсетілетінін жеткізді. 

Сонымен қатар, осы уақыт аралығында оқушылардан бөлек, бірқатар азаматтардың мұқтаждықтарын анықтап, қол ұшын созғандықтарын тілге тиек етті. Акция шеңберінде кәсіподақ тарапынан 18 оқушыларға мектепке қажетті киім-кешектер мен қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді.

Қайырымдылық шарасына қатысқан Ескелді ауданындағы О. Кошевой атындағы орта мектептің кітапханашысы, көп балалы ана Айгүл Жұмаханова ұйымдастырушыларға ата-аналардың атынан балаларының мектепке баруына ықпал етіп, алаңсыз білім алуына жағдай жасаған жандардың жомарттығына алғысын айтса, Текелі қаласындағы №3 орта мектептің  оқушысы Элла Ермакова қайырымды азаматтардың қайырлы істеріне ризашылығын білдіріп,  қуанышымен бөлісті.

Қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып,  қоғамдық бірлестіктің және аудандық, қалалық филиалдардың  ықпалымен   100   оқушыға  көмек  көрсетіліп, 2 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалатын болады.

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі

Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер