Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы кәсіподақ назарында
13 тамыз 2019
Білім ордалары жақын арада оқушыларға есігін айқара ашып, санаулы күндерден кейін ұстаздар қауымы өз жұмысын бастап, мектептерде оқу үрдісі қыза түсетіні анық. Осы мекемелердің жаңа оқу жылына дайындығын Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және еншілес аудандық, қалалық филиалдары қадағалап, кәсіподақ мүшелеріне тиімді жұмыс істеуіне ықпал етіп келеді.
Дәстүрге айналған шара биылғы жылы Қаратал ауданынан бастау алды. Облыстық ұйымның төрағасы Садық Әбдіқадыров, төраға орынбасары Нариман Естібаев, Қаратал аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Берік Абақов Жаңаталап ауылындағы орта мектеп пен Үштөбе қаласындағы І. Есенберлин және К. Тоқаев атындағы орта мектептердің 2019-2020 оқу жылына дайындығымен танысты.
Шара барысында қоғамдық бірлестіктің төрағасы Садық Әбдіқадыров Алматы облысы бойынша 31 нысан күрделі жөндеуден өтіп, оған 7,8 миллиард теңге жұмсалғанын, 742 мектеп, 182 балабақшада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бюджеттен 275,8 миллион теңге бөлінгенін айтты.
Жоғарыда аталған білім ошақтарының жазғы ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасын, оқу кабинеттерінің дайындығын, техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасында жасалынған ұжымдық шарттың болуын бақылап, кәсіподақ өкілдері қажетті ақпаратпен қамтамасыз етті.
Облыстық ұйымның төрағасы шара соңында К. Тоқаев атындағы орта мектебінің еңбек ұжымымен кездесіп, білім саласындағы жаңалықтармен бөлісіп, алдағы жұмыс жоспарларын нақтылады. Қаратал ауданына қарасты білім ошақтарының жұмысын жоғары бағалап, оқу жылына дайын екендігіне көз жеткізді.
Бұл шара аудандық, қалалық филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жалғасын табады.

Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер