Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

«Бағбанның ағашы, балабақшаның баласы»
17 қыркүйек 2019
«Белгілі бір ұлттың ертеңін көргің келсе, оның өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріне көз салу керек» деген сөз тегін айтылмаған. Еліміздің ертеңі болып табылатын жас бүлдіршіндерге жан-жақты біліммен қатар, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, ұлтжанды, отан сүйгіш, болашақ азаматтардың мықты ірге тасын салуға үлес қосып жүрген мектепке дейінгі тәрбиешілердің орны ерекше. Теміртау қаласында тамыз айының 28 жұлдызында қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен білім беру қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен №16 «Таңшолпан» балабақшасында «Тәрбиешілер күні» аталып өтті.

Шараға өскелең ұрпақты тәрбиелеуде көптеген жылдар бойы адал еңбек еткен ардагер тәрбиешілер қатысты. Сонымен қатар бұл мереке Теміртау қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы М. В. Бикмухаметованың қатысуымен өтті. Афонина Зоя Алексеевна, білім бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы: «Біз мектепке дейінгі білім беру қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шараны Теміртау кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Бикмұхаметованың басшылығымен қалалық білім және ғылым кәсіподағында ардагерлер кеңесімен бірлесіп биыл төртінші рет ұйымдастырып отырмыз. Балабақшаны бақша деп алып, келген бала гүл болса, тәрбиеші сол гүлді баптап, күтіп, барлық жәндіктер мен құстардан қорғайтын бағбан. Гүліміз - бала, бағбанымыз - тәрбиеші. Балабақша атауын 1837 жылы Германиядан неміс педагогы Фредерик Вильгельм Август Фребель ойлап тапқан екен. Ол балаларды өмірдің гүлі деп біліпті. Мәскеуде алғашқы балабақша тек 1866 жылы ашылса, еліміздегі тұңғыш балабақша Алматы қаласында 1917 жылы ұйымдастырылып, онда 100-ге жуық бала тәрбиеленді. Ресей Федерациясында тәрбиешілер күні ресми түрде жыл сайын 27 қыркүйекте атап өтіледі. Бірақ, өкінішке орай Қазақстанда ресми күн белгіленбеген. Бүгін біз өзіміз осындай іс-шараны қолға алып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде көптеген жылдар бойы адал еңбек еткен ардагер тәрбиешілерді шақырып жатқанымызға қуаныштымын».

Сонымен қатар тәрбиешілердің мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға балалар мен балабақша тәрбиешілері ат салысып, аға ұрпақ өкілдеріне деген құрметтерін өздерінің дайындаған қойылымдары арқылы көрсетті. Өнерпаз балалар мерекелік шарада өлең оқып, ән шырқап, би биледі. «Әр баланың көңілінен жол табу ол бір үлкен ғылым дейтін болсақ, онда тәрбиеші ғалым болып саналмайды ма? Сол үшін тәрбиеші әр баланың жас ерекшелігіне, мінез-құлқына қарай бейімделіп, балалардың деңгейінде ойнап-күлу оңай емес, ол үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс. Сіздер үлкен мақтауға лайық жандарсыздар. Барлықтарыңызды тәрбиешілер күнімен құттықтаймын!» - деді, №16 «Таңшолпан» балабақшасының психолог маманы Гусманова Алла Николаевна. Смирнова Ираида Николаевна, мектепке дейінгі білім беру ардагерлері кеңесінің төрағасы: «Бала әрі болашағың, әрі өсіріп, баптап отырған бәйтерегің. Бүгінгі бүлдіршін – еліміздің байрағын желбіретер ертеңгі азамат. Бірақ, бала тәрбиесі оңай іс емес. Ал, сол сәбилердің қызығы мен шыжығын көріп, еркелігін көтеріп, анасындай бауырына басқан, тәрбиеші қауымның атқарар ісі мен көтерер жүгі ауыр да жауапты. Басында мұндай шараны ұйымдастыру оңайға соқпады. Бірақ қиындыққа қарамастан бұл мерекені биыл төртінші рет өткізіп отырмыз. Іс-шарамыздың мақсаты - зейнет жасына жеткен аға ұрпақ өкілдерін, ардагер тәрбиешілеріміздің басын қосып, еңбек жолдарындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, мерекелерімен құттықтау. Себебі, олар марапатқа лайықты жандар. Балабақша топтары тар болғандықтан, осындай іс-шарамызға жылына отызға жуық тәрбиешіні ғана шақыра аламыз. Әрине, келесі жылы да біз осы дәстүрге арналған жиынымызды жалғастырамыз деп ойлаймын». Іс-шара соңында мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің еңбегі алғыс хаттармен жоғары бағаланып, мерекелік дастарханнан дәм татып, естелікке фотоға түсті.

Арман АБИЛХАСЫНОВ



Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер