Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

Панфилов ауданында Кеңес отырысы өтті
25 ақпан 2020

«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерініңкәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалы Кеңес отырысын өткізді. Аталған жиынғабастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары және филиалдың аппарат қызметкерлері қатысты. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте өткен шараны Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков жүргізді.

Кеңес отырысында –ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы және Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының жанынан құрылған Жастар Кеңесінің «Еріктілер» жылына арналған жоспары қаралды.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес филиал төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің арасында насихатталуы жайында айтып, қабылданған заң бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жыл басынан бері талқыланып келетіндігін айтып өтті. Аталған заң 74 білім беру мекемесінде қаралды, оның ішінде Панфилов аудандық кәсіподақ филиалы 17 мектепте түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кездесу өткізгенін жеткізді.

Кезекті мәселе бойынша Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының жастар ісі жөніндегі жауапты маманы Ұлжан Нұрбай жас мамандармен жүргізілген жұмыстарды баяндады.

Жиын қатысушылары тарапынан қойылған сұрақтарға кәсіподақ өкілдері толық жауап беріп, өзара пікір алмасты.

«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» 
қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалы

Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер