Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru

  Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

Үздік техникалық инспектор
25 ақпан 2020

Жезқазған қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы  мен білім бөлімі  бірлесіп 20ақпан - Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні қарсаңында  ақпан айының 1-15 арлығында «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» қалалық байқауын ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты - білім беру ұйымдарында  техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру болып табылады. Байқауға қалалық кәсіподақ ұйымына қарасты барлық  бастауыш ұйымдарының үздік көрсеткіштері бар техникалық инспекторлары  қатысты.

Байқау қорытындысы ұсынылған құжаттар негізінде шығарылды және байқау жеңімпаздары комиссиянының шешімі бойынша Кәсіподақ ұйымы мен білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды. №11жалпы орта білім беретін мектебінің техникалық инспекторы Жаппасова Айтжан Сұлтанғазықызы мен  №1 «Көктем»бөбекжайы КМҚМ-нің техникалық инспекторы - Комарова Надежда Анатольевна 1- орынға ие болды.

№8 гимназияның техникалық инспекторы Сәдірислам Думан Ғаниұлы мен 10жалпы орта білім беретін мектебі ММ-нің техникалық инспекторы Тасмурзаева Шынар Нұрланқызы 2-3 орындарды өзара бөлісті.

24 бастауыш кәсіподақ ұйымының еңбекті қорғау жөніндегі инспекторларына Жезқазған қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жүлделі бірінші орын иегерлері Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы ұйымдастыратын «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауына қатысып, бақ сынасатын болды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымының Жезқазған қалалық филиалы

Жаңалықтар мұрағаты

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Пайдалы сілтемелер