Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Статьи

Статья А.М.Мукашевой "Жастар потенциалы – кәсіподақ стратегиясының темірқазығы" в газете «Білімді ел» - образованная страна, №9 (70) от 7 марта 2017 г.
13 марта 2017

Республиканская образовательная общественно-политическая газета «Білімді ел» образованная страна №9 (70) от 7 марта 2017 г.

Жастар потенциалы – кәсіподақ стратегиясының темірқазығы

Жастар саясаты кез келген мемлекеттің қызметінде басым бағыт болып табыла- ды. Бұл – өскелең ұрпақтың әлеуметтік-құқықтық қорға- луына негізделген әлеуметтік, экономикалық және ұйымдас­ тырушылық шаралардың біртұтас жүйесі.

А.МҰҚАШЕВА, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары

Жастар – елдің ертеңі, сенімнің тірегі. Олардың әлеуеті мықты болмаса қандай еңсесі биік елдің де таңы бұлыңғыр, ұйқы- сы тынымсыз болады. Сондықтан жастар үшін бәсекеге қабілетті болуы жалықпай із- денулерінің, мемлекетшілдік пен отаншыл- дық мүддеге қатысты нақты іс-шараларды тиянақты жүзеге асырудың маңызы айтар- лықтай жоғары. «Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – әр- бір жастың, баршамыздың жауапкершілі- гіміз. Біздің тарихымыз – бірігудің тарихы екенін әрдайым есте сақтау керек. Патри- от болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу» – деп Елбасы Нұрсұлтан Назарба- евтың 2016 жылғы республикалық жастар форумында айрықша атап өткенінен келе- шегі кемел, тұғыры бекем елдің жастары- на артылар үміттің зор екенін аңғару қиын емес. Тәуелсіз еліміздің еңсесі биік, іргесі берік болуына білім саласының, саламатты өмір салтының алатын орны ерекше. Халықтың білім сапасы мен денсаулық жағдайы мем- лекеттің өркендеуін білдіретін айрықша көрсеткіш. Сондықтан аталған салаларға білімді жастарды тартып, жаһандық бәсе- кеде олардың потенциалы арқылы қарым- ды жетістіктерге жетуді мақсат ету керек. Кәсіподақ қозғалысының мемлекет да- муындағы алатын орны мен азаматтық қоғам флагманын жандандырудың қо- салқы күш екенін ерекше бағалауымыз қажет. Өйткені, ол мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес. Бұлай деуіміз – олардың арасындағы еңбек қа- тынастарымен туындаған даулардың өз мәнінде дұрыс шешілуіне оң ықпал жа- сайды. Еліміздің өскелең ұрпағы ретінде, жастар 10-20 жылдан кейін қазіргі басқа- рушы буынның орнын басып, мемлекет- тік маңызы бар құрылымдарға иегершілік жасайды. Қоғамымызда көптеген адамдар кәсіподақ көмегіне мұқтаж. Бүгінгі таңда жастардың көпшілігі жақсы білімге, білікті медициналық көмек алуға, жұмысқа орна- ласу мен лайықты жалақыға қол жеткізу барысында белгілі қиындықтарға тап бо- лып жатқаны жасырын емес. Сондықтан аталған мәселелердің оңтайлы шешілуі- не кәсіподақтар тарапынан айтарлықтай нәтижелі ықпал жасалынып жатыр.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мен оның құрылымдық бөлімшелерінде де жастар саясатын тиімді жүргізу кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі. Мұ- ның бір дәлелі салалық, аймақтық сала- лық келісімдер мен ұжымдық шарттарда жастар үшін әлеуметтік-экономикалық кепілдіктерді бекіту жөніндегі атқарылған нақты жұмыстарды атап өтуге болады. Мүшелік ұйымдарда жастар кеңесі, жастармен жұмыс жөніндегі комиссия, жас мамандар кеңесі, студенттік кәсіподақ ұй- ымдары жастармен тығыз жұмыс жасап, кәсіподақ қозғалысының өркендеуіне тиісті үлестерін қосып келеді. Мысалы, салалық кәсіподақтың Қостанай облыстық ұйымы- ның жанынан оқу орындар арасындағы кәсіподақ комитеттерінің ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға ықпал ететін студенттер кәсіподақ ұйымының Ассоциа- циясы құрылған. Республика көлеміндегі мұндай жалғыз Ассоциация сегіз жыл бойы студенттер арасында белсенді жұмыс атқарып ке- леді. Оның нәтижесі үш колледж (меди- циналық, педагогикалық, индустриал- ды-педагогикалық) студенттерінің 100% кәсіподақ мүшелігіне өтуінен айқын аңға- рылса керек. Аталған ассоциацияның жұ- мыс тәжірибесімен танысу мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында Қостанай қаласында жас кәсіподақ белсенділері, студенттік қозғалыстың көшбасшылары, кәсіподақтың мүшелік ұйымдардағы жас мамандарға арнап, республикалық семи- нар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар еліміздің барлық өңір- лерінде жыл сайын түрлі байқаулар, фо- румдар, мәдени, спортық және басқа да бұқаралық шараларды өткізу игі дәстүрге айналды. Мұндай басқосулар жастар- дың жеке шығармашылық, ұйымдасты- рушылық қабілеттерін шыңдап қана қой- май, кәсіподақ қозғалысының ортақ мүдде мен қоғамдық ынтымақтастыққа негіздел- ген мақсаттарын айқындауға септігін тигі- зеді. Тұңғыш Президент күніне орай жыл сай- ын сала кәсіподағы республикалық жастар форумын өткізіп, оған үздік кәсіподақ бел- сенділері, жас мамандар, жергілікті атқа- рушы органдардың өкілдері шақырылады. Мұндай форум Алматы, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында өт- кізіліп, эстафета Атырау қаласына беріл- ді. Жастар форумы барысында түрлі шығармашылық байқаулар жарияланып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен ма- рапатталса, кәсіподақ қозғалысының жас белсенділеріне кәсіподақтың атаулы шәкіртақысы тапсырылады. Сала кәсіподағының құрылымдық бөлімшелері жергілікті атқарушы билік ор- гандарымен бірге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлер- ге жұмысқа жіберілген жас мамандарға ай- рықша көңіл бөледі. Республика бойынша орта есеппен жас мамандардың 77 пайызы көтерме жәрдемақы алса, үштен бірі бас- панамен және жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз етілген. Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті екі жылда бір рет дәстүрлі облыстық жас мұғалімдер Құрылтайын өт- кізіп келеді. Онда жас мұғалімдерді толған- дыратын мәселелер мен олардың шешілу жолдары талқыланады. Салалық кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелері студент жастарға моральдық және материалдық қолдау көрсету негізін- де республика бойынша 5 мыңнан 20 мың теңге көлемінде кәсіподақ шәкіртақысы тағайындалып, кәсіподақ белсенділері бо- лып табылатын озат студенттерге беріледі. Жоғары және арнаулы орта оқу орында- рында білім алатын әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың және жетім балалар да әрдайым кәсіподақтың назарынан тыс қалған емес. Жоғары оқу орындары әкімшіліктері мен кәсіподақ комитеттерінің арасындағы әлеуметтік әріптестіктің дамуы, ұжымдық шарттардың жасалуы нәтижесінде студенттердің бұл санаты жатақхана ақысынан босатылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті «Алға» балалар үйінің түлектері болып табылатын 3 студенттің Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі толық курсының оқу ақысын төлеуіне көмегін көрсетті. Бү- гінгі таңда олар бұл оқу ордасын бітіріп, үл- кен өмір жолына аяқ басты. Биылғы жылы осы балалар үйінің тағы бір түлегін аталған университетте білім алуына облыстық кәсіподақ ұйымы мүмкіндік жасап отыр. Салалық кәсіподақ жетім балалардың мәселелерін Үкімет пен Білім және ғылым министрлігі алдында жиі көтеріп келеді. 2012 жылы әлеуметтік әріптесімізбен бірге ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар ен- гізуге қол жеткізу нәтижесінде жастардың аталған санаты баспана алуға бірінші ке- зектегі құқыққа ие болды. Кәсіподақ қозғалысын жетілдірудің не- гізгі бағыттарының бірі кәсіподақ мүшелі- гіне ынталандыруды арттыру болып қала бермек. Бүгінгі таңда біздің қатарымызда жастардың саны күннен күнге көбейіп ке- леді. Кәсіподақтың әрбір үшінші мүшесі – 35 жасқа дейінгі жастар болып табылады. Салалық кәсіподақтың басқарушы лауазымына жастардан жасақталған кадрлар резерві құрылды. Білікті кәсіподақ жаста- рының құраушы күші болмаса, кәсіподақ жұмысының тиімділігіне ықпал ететін ре- зервті қалыптастыру мен әзірлеуге, кәсіподақ кадрларының сабақтастығын байла- ныстыруға және үнемі жаңартуға, олардың кәсіптік деңгейлерін үздіксіз арттыруға негізделетін кадрлық саясатты жетілдіру мүмкін емес. Арамызда студенттік шағын- да өзін белсене көрсете біліп, бүгінгі таңда кәсіподақ қозғалысын жандандыруда еңбек етіп жүрген білікті жастар да аз емес. Олар- дың ішінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Сенім» студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы Әлібек Ма- дибеков, А.Байтұрсынов атындағы Қоста- най мемлекеттік университетінің тәрбие ісі жөніндегі жетекшісі Болат Қалиев пен Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі, студенттік кәсіподақ ұйымының белсендісі, 2015 жылы Жамбыл облысы Байзақ аудандық кәсіпо- дақ ұйымының төрағасы болып сайланған Елнұрбек Ермековты атап өтуге болады. Кәсіподақ активін оқыту – салалық кәсіподақтың қызметіндегі маңызды ба- сымдықтарының бірі. Мұндай оқытудан жыл сайын 50 мыңнан астам адам өтсе, оның тең жартысын жастар құрайды. Оқу ҚРКФ Оқу-әдістемелік орталығы мен мү- шелік ұйымдардың стационарлық орта- лықтарында өткізіледі. Кәсіподақ өз қызметінде салауатты өмір салты туралы Президенттік бағдарламаны насихаттау мен енгізуге, бос уақытты ұй- ымдастыруға, сала кәсіподағының мүше- лері мен олардың балаларын сауықтыру мен демалу ісіне зор көңіл бөліп келеді. Бұл бағыт бойынша кәсіподақ бюджеті- нен жыл сайын қаражат қарастырылады. Спартакиадалар, денсаулық фестиваль- дері өткізіліп, оған біздің жастар белсенді қатысады. Үздіктері кубоктармен, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатта- лады. Кәсіподақтың барлық құрылымдық бөлімшелері бұл бағытта үлкен жұмыс атқарады. Ағымдағы жылдың сәуір айын- да Қостанай қаласында жастар арасында тоғызқұмалақтан Бірінші республикалық жарыс өткізу жоспарланып отыр.

Кәсіподақ ынтымақтастығы мен бірлігін арттыру және жастардың көшбасшылық қабілеттерін анықтау, тәрбиелеу мен қа- лыптастыру мақсатында 2016 жылдың маусым айында салалық кәсіподақтың ұй- ымдастыруымен бірінші жазғы республи- калық жастар лагері өткізілді. Онда семинарлар, түрлі тренингтер мен іс-шаралар сәтті жүргізілді. Лагерь жұмысының қорытындысы бойынша сер- тификаттар, ерекше көзге түскен кәсіподақ белсенділеріне кәсіподақтың Құрмет грамоталары тапсырылып, мұндай іс-ша- раны жыл сайын өткізу жөнінде шешім қа- былданды. Биыл ол Павлодар облысында өткізіледі. Жыл сайын Бүкіләлемдік еңбек күні аясында жастар істері жөніндегі кеңестің бастамасымен «Жүректен жүрекке» атты республикалық жастар акциясы өткізіліп, оның барысында қарттарға, аз қамтылған отбасыларына қолдан келгенше қайырым- дылық көмек көрсетіліп, ағаштар отырғызу мен аумақты тазарту жұмыстары ұйымдастырылады. Дей тұрғанмен, шешуін талап ететін мәселелер де жоқ емес. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының баспана алу үшін несие беруге қатысты бөлімін түзету қажет. Өйткені, оған жас мамандар ара- сында сұраныс жоқ. Жаңа баспананың құны ұсынылатын несиенің мөлшерінен еселеп асып түседі. Жастардың, әсіресе ауыл жастарының арасындағы жұмыс- сыздық мәселесі алаңдатады. ЖОО дипломдары бар көптеген жастар маман- дықтары бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Бұл кәсіптік бағдар жұмысының өз деңгейінде ұйымдастырылмағанын біл- діреді. Кей өңірлерде жас мамандардың оқу жүктемесінің аздығы да өткір мәселе- лердің бірі. Студенттік жатақханалардағы орынның жетіспеушілік мәселесі тағы бар. Сондай-ақ жастардың дәстүрлі емес дін ағымдарына бет бұрулары үлкен қауіпке айналып отыр. Еліміздің 20-30 және 40 жылдан кейін қандай болатыны елдің бүгінгі ұрпағына байланысты. Себебі, олар жаңа, зама- науи Қазақстанда өмір сүріп, еңбек ететін болады. Мемлекет басшысы жастарға зор сенім артып, жарқын болашақта олардың бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті әрі білімді маман ретінде жоғары бағалайды. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың азаматтық ұста- нымының мықты, олардың өз Отанының патриоты болуы аса маңызды. Сондықтан сала кәсіподағы мен оның мүшелік ұйымда- рының басты міндеттерінің бірі – жастар арасында қазақстандық патриоттық сезім мен Отанға деген адал махаббатты нақты іс-қимыл арқылы жүзеге асыру керектігін бағыттау болып табылады. Қазір Салалық кәсіподақтың барлық құрылымдық бөлімшелерінде ҚР Прези- денті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қа- білеттілік» атты Қазақстан халқына Жол- дауын түсіндіру мен талқылау жөнінде кең көлемді шаралар жүргізілуде. Оған жастар белсенді қатысып жатыр. Өйт- кені, біздің алдымызға қойылған міндет- тер еліміздің болашағы мен өскелең ұр- пағына тікелей қатысты. Еліміздің үшінші жаңғыру идеясын жүзеге асыру үшін жастар аса зор белсенділік танытулары керек. Жастар – ел болашағы, мемлекет эко- номикасын көтеруде, интеллектуалды және кәсіби әлеуетімізді дамытуда және сақтауда, жоғары дамыған елдер ара- сында еліміздің лайықты орнын қамта- масыз етуде негіз болатын қоғам ресур- сы. Сондықтан елдік мәні зор жауапты міндеттерді атқаруда жастардың бар күш-қайратын, намыс пен білімін жұмыл- дыруымыз қажет.


Последние новости

21 ноября 2017
Международный молодежный семинар для профсоюзных активистов России, Азербайджана и Казахстана «Будущее сферы труда: взгляд молодежи» прошел в г.Астрахани

21 ноября 2017
Обучение особенностям законодательства и нормативных актов

21 ноября 2017
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы комитеті төрағаларымен жиналысы өткізілді

20 ноября 2017
Состоялось общее собрание коллектива в Департаменте по контролю за сферой образования Актюбинской области

20 ноября 2017
Талдықорған қаласында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқауы өтті

20 ноября 2017
Вместе сделаем шаг навстречу будущему!

20 ноября 2017
Филиал Бостандыкского района АГЛПС «Ұстаз» на базе ОШ №145 провел районные спортивные соревнования посвященные Дню Первого Президента РК

20 ноября 2017
Музыкально-театрализованное представление «Кошкин дом» в Детском саду № 22 «Алтын бесiк» г.Актау

Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки