Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

ЖАҢҒЫРУ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ
11 сентября 2017

Жаңа оқу жылының басталуымен бірге жұмысы жаңаша ырғаққа түсетін Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының Атқару комитетінің отырысы өтті.

Жиынға Филиал мәртебесіндегі аудандық және Тараз қалалық комитетінің, Кәсіподақтың Біріккен комитетінің төрағалары, студенттік кәсіподақ ұйымының төрағалары мен Кәсіподақ ұйымының құрылымындағы «Тараз-Профсоюз-Турист», «Қорғау-Тараз-2005» ЖШС-нің басшылары, сондай-ақ, Атқару комитетінің мүшелері қатысты. Басқосуды Кәсіподақ төрайымы Гүлсін Орынбаева ашып, жүргізіп отырды. Атқару комитеті күн тәртібіне қойылған бірнеше маңызды мәселелерді қарады.

Тамыз кеңесінен бастау алған оқу жылында өзгерістер көп болатынын, олардың дені жаңартылған білім мазмұнына біртіндеп көшумен байланысты екендігін, осы орайда, жаңаша ұрпақты қалай қалыптастырамыз, тарихи тамырдан ажырамай отырып, жаңаны меңгерудің мәні неде, жаһандану дәуірінде ұлттық болмысымызды сақтай отырып, технологиялық «төңкеріс» әлеміне қалай қадам басамыз деген сынды сұрақтар өзекті бола түсетінін, ал сол процестің бел ортасында ұстаздар жүретінін, сол ұстаздардың құқығының қорғалуы, жалақысының толық төленуі, сағаттарының қысқармауы, жалпы мұғалім мәртебесі – мемлекет мүддесі болу қажеттігі жолында еңбек етуіміз керектігін Кәсіподақ төрайымы баса айтты.

Сондай-ақ, алқалы жиында Кәсіподақтың Сарысу аудандық комитеті мен Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының кәсіподақ комитетінің төрағаларының міндетін уақытша атқаруды жүктеу және Филиалдың кезектен тыс сайлау конференциясын шақыру туралы мәселе қаралды.

Кәсіподақтың құқықтық қызметінің басшысы Берік Баймағамбетов 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы облыстық салалық келісімді жасау жөніндегі келіссөздерді бастау, келісім жобасы, келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия құрамын жасақтау туралы ақпарат берді. Атқару комитетінің мүшелері Кәсіподақтың төраға орынбасары Ерұлан Мағзымбеков ұсынған «Бүгінгі кәсіподаққа – белсенді жастар» атты кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру айлығын ұйымдастыру мен өткізу, 2017-2018 оқу жылында кәсіподақ белсенділерінің оқуын ұйымдастыру, Кәсіподақ үйірмелерінің үздік қызметін ұйымдастыру бойынша «Белсенді оқыту - ұтымды кәсіподақ» облыстық байқауының қорытынды кезеңі туралы ақпаратын тыңдап, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Алқалы жиында сондай-ақ, «Ұстаздар күні», «Еңбек күні» мерекелерін атап өту, «Еңбекші» мерзімді басылымының 2017 жылғы жазылым қорытындылары мен 2018 жылға жазылымды ұйымдастыру, марапаттау туралы бірқатар мәселелер қаралды.

Перизат БАҚЫТ







 
  Полезные ссылки