Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Жолдау жарқын болашақты меңзейді
13 февраля 2018

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңіне сенім артқан жастарға қолдау көрсетудің салиқалы саясатын бір сәтте түсірген емес. Жастар саясатын қолдауда елбасы үлкен көргендік танытып, үлкен кездесу барысында салмақты ойларымен олардың жастық жігерін қанаттандырып келеді.

Жаңа жүз есім, Жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзі айдарындағы салмақты ойлар соның айғағы. Бүгінгі жастар қоғамның көшбасшысы болуы тиіс. Көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан  мына қоғамдағы барлық жаңашыл реформалардың қолдаушысы жастар болып табылады.

Жаңашылдықты тез меңгеріп, оны әрі қарай қоғамның даму игілігіне жарататын жастар бүгінгі біз өмір сүріп отырған ортада да жеткілікті.  Биылғы жылғы дәстүрлі елбасы жолдауы Қызылорда облысы, Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті жанынан құрылған «Серпін» жастар кеңесі мүшелеріне   де қозғау болды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты елбасының қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауынан туындайтын міндеттерді жас ұстаздар арасында саралап, салмақтауды талқыға салған «Серпіндік»  жас ұстаздар ортақ ойдың межесінен шықты. Аудандық кәсіподақ комитеті жанынан құрылған «Серпін» жастар кеңесі елбасы жолдауына қолдау көрсету мақсатында 10 ақпан күні Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепте жастар кеңесі мүшелерінің кеңейтілген отырысын өткізді. Отырыс барысында жолдауда басымдық берген адам капиталы-жаңғыру негізі жетінші міндеттегі білім берудің жаңа сапасына көшуде латын әліпбиіне көшуді тиімді жүргізу, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту секілді мәселелер көпшілік назарына ұсынылып кеңеске қатысушы жастар өз ой-пікірлерін ортаға салды. «Латын әліпбиіне көшу заман талабы» тақырыбында баяндама жасаған №266 мектеп–лицейдің логопед маманы Примжарова Райхан латын әліпбиінің тиімділігі жөнінде жастарды насихат жұмыстары мен оны жүзеге асыруда ортақ ойға шақырса, «Цифрлы Қазақстан» құруда қазіргі таңда мектептерде алғашқы қадам ретінде электроны журналға көшуде жастарды белсенділікке шақырған баяндамашы  Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Нарегеев Болатбек жиынға қатысушы жастардан қолдау тапты. Кеңеске қатысушы жас ұстаздар білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болумен қатар білімді меңгеру қабілетін дамыту болуы тиіс деген ортақ ойға тоқталып, Елбасы сенім артқан жастардың қатарынан көрінуге ұмтылу керектігіне баса назар аударды.Одан әрі қарай «Серпін» жастар кеңесінің құрамына толықтырулар енгізіліп жылдық жұмыс жоспары талқыланып бекітілді. Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Раман кеңеске қатысушы жас ұстаздарға сәттілік тілеп, жолдауға қолдау білдірген серпіндіктерге шығармашылық табыстар тіледі.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Кәсіподақ комитеті















Последние новости

22 февраля 2018
Круглый стол на тему: «Работники в поиске социальной справедливости», посвящённый Всемирному дню социальной справедливости в Восточном Казахстане

22 февраля 2018
Благодарность Председателя Профсоюза работников народного образования и науки Российской Федерации (ОБЩЕРОССИЙСКИЙ ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ) Новосибирской областной общественной организации

22 февраля 2018
Отстаивая права членов профсоюза

22 февраля 2018
Өзекті мәселелерге ұйытқы болған кездесу

22 февраля 2018
Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті

22 февраля 2018
Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс конференциясы

22 февраля 2018
Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы өтті

22 февраля 2018
Всемирный день социальной справедливости


 
  Полезные ссылки