Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

«Есеп беру-қайта сайлау» қалалық семинары
16 апреля 2018
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ - нің Ақтау қалалық филиалының төрайымы К. Еңсегенованың ұйымдастыруымен сәуір айының 12 - інде білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымы басшыларымен,13 - інде мектепке дейінгі ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымы басшылары арасында «Есеп беру-қайта сайлау» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинардың мақсаты; 2018 жыл кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау науқаны екендігін хабарлау және есеп беру-сайлау жиналысын ұйымдастыру, жиналыстың жүргізілу жолдарын түсіндіру.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының» құқықтық қызметтер бойынша бас маман Н.С. Храмова семинар тақырыбында баяндама жасап нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Есеп беру-сайлау» жиналысын өткізуге байланысты жоғары салалық кәсіподақ шешімімен таныстырып, осыған байланысты 2018 жыл білім беру саласындағы кәсіподақ ұйымдарына есеп беру-сайлау жиналысын өткізіу міндеттеліп отырғандығын түсіндіріп өтті. 
Сондықтан да әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымы басшылары жиналысты талапқа сай өткізу және сайланған аралықтағы жүргізілген жұмыстары, өткізілген іс-шаралары, көрсетілген қолдаулары, ұжым арасындағы кәсіподақ тарапынан шешілген мәселелер т.б. жұмыстарына және жұмсалған қаржы шығынына да нақты есебі айтылуы керек. Сонымен қатар жиналыстың басты құжаты хаттаманың да дайын үлгісі мен жүргізілу жолдары бойынша да түсінік берілді.

Семинардың екінші бөлімінде ашық сұрақтар қойылып, бір-бірімен пікр алмасу арқылы ой бөлісті.
Семинар соңында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы арасында өткізілген қалалық «Үздік кәсіподақ бұрышы - 2018» байқауының жеңімпаздары дипломмен және сыйлықтармен марапатталды да, облыстық байқауға 1 орын жеңімпазы №46 «Балбұлақ» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы О. Г. Корнееваның жұмысы ұсынылғанын хабардар етті.

Қалалық кәсіподақ төрайымы К.Енсегенова семинарға қатысушыларға әрбір кәсіподақ ұйымындағы қызметкерлердің қолдаушы күші, әрі құқықтарын қорғаушы - бастауыш кәсіподақ ұйымы екендігі айта келе, алдағы жұмыстарына да сәттілік тіледі. Қатысушылар да бүгінгі семинардың мақсатты ұйымдастырылғанына бірауыздан ризашылықтарын білдірді.

Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы 
филиалының төрайымы Күнзира Енсегенова





 
  Полезные ссылки