Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Мұғалім мәртебесі қоғамға ортақ игі іс
7 сентября 2018
2018-2019 оқу жылындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы тамыз педагогикалық оқуының секция жұмысында «Мұғалім мәртебесі қоғамға ортақ игі іс» тақырыбында аудандық бастауыш кәсіподақтар арасында семинар кеңесі болды. Семинар кеңесінің күн тәртібі 4 мәселені қамтыды:
1.Аудандық кәсіподақ комитетінің жаңа оқу жылына дейінгі жұмыс қорытындысы. 
Хабарламашы: Р.Сайлауұлы
2.Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы есеп беру – сайлау жиналыстарын өткізу туралы. 
Хабарламашы: Маккамбаев С.С.
3.Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жаңа оқу жылындағы міндеттері. 
Хабарламашы: С.Юсупбайқызы
4.Әртүрлі мәселелер. 

Күн тәртібі баяндалып, арнайы слайдтармен көрсетілді, қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауаптар берілді. Әртүрлі мәселелер бойынша хабарламалар айтылып, білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитетіне «№1 ақпараттық бюллетені» көмекші құрал кітабы таратылды. Бастауыш кәсіподақ комитеті төрағаларын облыстық кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкерлерді медальмен, құрмет грамотасымен, алғыс хатпен, сондай-ақ мини футболдан облыстық жарыста белсенділік танытқан мұғалімдерді аудандық кәсіподақ комитетінің мадақтама грамоталарымен марапатталды. 
2018-2019 оқу жылындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы тамыз кеңесінде білім беру мекемелер арасында, білім беру жүйесіндегі жұмыстарды жаңа идеямен үйлестіріп, білім сапасын көтеруде өзара бәсекелестікті қалыптастыру мақсатында жүргізілген рейтингтік бағалау бойынша «Үздік мектеп» деп танылған 5 білім ұясына Аудандық кәсіподақ комитетінің демеушілігімен арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар Аудандық кәсіподақ комитетінде бірнеше жыл қызмет жасап зейнеткерлік жасқа жеткен Ә.Сұлтанқұлов аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, сый-құрметке бөленді.
Облыс әкімдігінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқауына сәйкес 11-рет дәстүрлі жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы Төлеби ауданында болып өтті. Акция барысында аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 5 балаға Аудандық кәсіподақ комитеті мектепке қажетті құрал-саймандармен, мектеп формасы және сумкаларын табыстады. Аудан әкімі Р.Сайлауұлын «Мектепке жол» акциясына азаматтық үлесін қосқаны үшін алғыс хатпен марапаттады. Жүрек қалауымен жасалған игі іске ата-аналар өз ризашылығын білдірді.




 
  Полезные ссылки