Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСҚА ЕСЕП БЕРІЛІП, АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТТАР АЙҚЫНДАЛУДА
11 сентября 2018
Есеп берулер мен сайлаулар әрбір кәсіподақ ұйымы қызметіндегі маңызды оқиға.
Осы ретте, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Кеңесінің 2018 жылдың 21 ақпанындағы № 4 Қаулысына сәйкес Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру – сайлау жиналыстары бекітілген кестеге сәйкес өтуде.

Бүгінгі күні Алакөл аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты - 8, Кербұлақ ауданында -5, Сарқан ауданында -8 барлығы 21 бастауыш ұйымында есеп беру – сайлау жиналыстары өтті. Нәтижесінде 10 ұйымның төрағалары жаңадан сайланды. Сонымен қатар, күн тәртібіне сай комитет мүшелері мен тексеру комиссияларының құрамы жаңаланып, аудандық конференцияларға делегаттар сайланды.

Жиналыстар барысында ұйым төрағалары кәсіподақ ұйымы жұмысының барлық негізгі бағыттарын қамтыйтын есептік баяндама жасап, әлеуметтік әріптестік негізде мектеп әкімшілігімен бірлесіп, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда атқарған жұмысына тоқталды. Сонымен қатар, есеп беру мерзіміндегі жұмыс қорытындыланып, кәсіподақ ұйымының келешекте атқарар жұмысының бағыттары айқындалды.

Баяндама кезінде слайдтар, кәсіподақ ұйымының жұмысын көрсететін басқа да көрнекі құралдар пайдаланылды.
Айта кететіні, 2018 жылдың қыркүйек – қазан айларында барлық 478 бастауыш ұйымдарында есеп беру – сайлау жиналыстары өтеді.
Осы уақытқа дейін барлық аудан, қалаларда кәсіподақ активінің білімін арттыру, есеп беру – сайлау науқанына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі













 
  Полезные ссылки