Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
6 декабря 2018

Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Д.Қонаев мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өткен Білім қызметкерлері кәсіподағының Жуалы аудандық комитеті филиалының V есеп беру-сайлау Конференциясына Жуалы аудандық мәслихатының хатшысы Е.Тілеубеков, білім бөлімінің басшысы М.Айжанов, Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты М.Төлепберген, Білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы Е.Мағзымбеков,«Нұр Отан» партиясы Жуалы аудандық филиалының бірінші орынбасарыА.Ахметова мен кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.

Конференцияның жұмысшы органдары жасақталып,сайланған соң Конференция жұмысыКәсіподақтың Жуалы аудандық комитетінің 2014-2018 ж.ж. аралығындағы жұмысы туралы есебінберуден басталды. Есепті баяндаманы филиал төрайымы Гүлнұр Қадырбек пен бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі Б.Қожахметова жасады.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жарыссөзге Көктөбе орта мектебінің директоры М.Сарманов, «Балауса» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі А.Жексенбаева, Б.Майлин ОМ БКҰ төрағасы С.Қатабаев, білім бөлімінің басшысы М.Айжанов шығып, аудандық комитеттің жұмысына қанағаттанарлық деген бағаларын берді. Конференция барысында аудандық мәслихат хатшысы Е.Тлеубеков пен Білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы М.Төлепберген сөз алып, аудандық кәсіподақ ұйымының жұмысында ілгерілеушіліктер барын, кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғауда пәрменді әрекеттер жасалып жатқандығын атап өтті.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе - «Білім қызметкерлері кәсіподағының Жуалы аудандық комитеті» филиалының төрағасын сайлау бойынша Ы.Алтынсарин ОМ директоры С.Кенжебаев Гүлнұр Қадырбекқызының кандидатурасын ұсынып, делегаттардың бірауызды шешімімен ұсынылған кандидат «Білім қызметкерлері кәсіподағының Жуалы аудандық комитеті» филиалының төрайымы болып жаңа өкілеттік мерзімге сайланды.

Сайлаумен байланысты барлық мәселелер дауысқа салынып болғаннан кейін, есеп комиссиясы қорытынды нәтижелерді хабарлап, хаттамаларды бекітті. Конференция соңында кәсіподақ ұйымына еңбегі сіңген, ерен еңбегімен ерекшеленген кәсіподақ мүшелері марапатталды.

«Еңбекші»-ақпарат









 
  Полезные ссылки