Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Кербұлақ ауданында кәсіподақ мүшелеріне арналған жарыс өтті
11 января 2019
Білім және ғылым қызметкерлері Кербұлақ аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім саласының қызметкерлері арасында баскетбол мен тоғызқұмалықтан жарыс өтті. 
Жарысқа кәсіподақ мсүшелерінен құралған 34 команда қатысты. Аудан орталығындағы спорт кешенінде өткен жарыста №49 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бағдаулет Әлмұханбетов төрешілік етті. 
Білім мекемелеріндегі қызметкерлер салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен шарада қатысушылар өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Баскетбол жарысының шарты бойынша үш ер және екі әйел адамнан құралған командалар арасында І орынды 49 орта мектебі, ІІ орынды Күреңбел қазақ орта мектебі, ІІІ орынды Қоғалы орта мектебі иеленді.
Ал, тоғазқұмалақтан Күреңбел қазақ орта мектебі, Нұрым орта мектебі және Көксай негізгі мектебі үздік үштікті бөлісті. 
Жеңімпаздарға аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жақан Дуанаев арнайы жасалған диплом мен бағалы сыйлықтарды табыс етті. 

Жақан Дуанаев, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Алматы 
облыстық ұйымына қарасты Кербұлақ аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы



 
  Полезные ссылки