Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Мұғалімдер мәселелері бойынша жиналыс
7 февраля 2019
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 6 қаңтар күні Ақтау қаласы №6жалпы білім беру орта мектебі қызметкерлерімен жиналыс ұйымдастырылды.
Кездесу жиналысының мақсаты: жұмыс беруші мен жұмысшылардың еңбек қатынасына байланысты заңдылықтардың орындалысы және «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына түсінік жүмыстарын жүргізу.
Жиналысқа қатысқан қызметкерлер саны - 120.
Жиналыс барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төраймы Тарбия Анайбекқызы Баймбетова сөз алды. Әрине, жиналысты Т.Баймбетова жақсы жаңалықтармен бастады. Яғни, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 05 қазан айындағы жолдауының бір бөлімі «Педагог мәртебесі туралы» қабылданатын заңына жасақталған жоба аясындағы баяндамасы тыңдалды. 
Баяндама соңында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор екендігін атап өтті.
Бүгінгі таңда жаңартылған білім мазмұнына байланысты білім саласындағы өзгерістер бәрімізге мәлім, соған орай мұғалімнен де күтілетін нәтиже де өте маңызды. Сондықтан да, ұрпақтарымызға білім беретін, жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы ұстаздардың еңбектері бағаланып «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы өз деңгейінде қорғалып бекітіледі, деген үміттеміз.
Жиналысқа қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар:
- 30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерге еңбек демалысына шығу мүмкіндігіне риза болып отырмыз, қалай ойлайсыз заң қабылдануы мүмкін бе?
- Жеңілдікпен еңбек демалысына шыққан мұғалімдерге одан әрі жұмыс жасауға мүмкіндік беріле ме, қаншалықты заңды жақтары қарастырылған?
- Білім беру ұйымдары қазіргі таңда 5 күндік оқу жүйесіне енгізілді, бірақ сонда да мұғалімдеріміз әлі де 6-шы күні жұмысқа шығуда, заң жүзінде бірдей талап неге қойылмасқа?
- Қоса атқаратын қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақысы төлене ме және қандай көлемде?
- Кіші қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақысы неге қарастырылмаған?
Қатысушылардың еңбек қатынасына байланысты қойылған сұрақтары тыңдалып, түсіндірме жұмыстары мен жауаптары беріле отырып, бүгінгі таңда әрбір кәсіподақ ұйымындағы мүшелердің құқығын қорғауда «Ұжымдық шарттың», нормативтік құжатттардың қаншалықты маңызды екендігіне бірқатар түсініктер берілді.
Жиналыс соңында қатысушылар атынан математика пәні мұғалімі А. Қорғанбаева облыстық және қалалық кәсіподақ ұйымының басшылары Т. Баймбетова мен К. Енсегеноваға өз ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелері үшін жиналыстың мақсатты ұйымдастырылғанын атап өтті.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №6 жалпы орта білім беру 
мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алтынай Ермағанбетова




 
  Полезные ссылки