Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Жастар жылы деп жариялануына байланысты «Кәсіподақ және жас ұстаз – болашаққа нық сеніммен» атты салтанатты шарасы өтті
8 февраля 2019
2019 жылдың 7 ақпаны күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің өткен жылдың қортындысы бойынша және 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануына байланысты «Кәсіподақ және жас ұстаз – болашаққа нық сеніммен» атты салтанатты шарасы өтті. 
Шараға Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығы» төрағасының орынбасары Ақбергенов Жеңісбек Ақбергенұлы, «Нұр-Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филилалының «Жас-Отан» жастар қанатының төрағасы Бүркіталин Асылжан Жаналыұлы, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар ресурстық орталығының директоры Бекниязова Ардақ Қалиаскерқызы, Ақтөбе облыстық білім басқармасының Мемлекеттік сатып алу және инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы Толыбаева Алмагүл Мухамедиевна және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының Тәрбие және инклюзивтік білім беру бөлімінің әдіскері, педагогикалық еңбек ардагері Байланова Тәттігүл Жарасхановна қатысты.
Салтанатты шара барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова 2018 жылдың қортындысы туралы баяндама жасады, шақырылған қонақтарға сөз берілді. Республикалық жастар кеңесінің мүшесі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Айткулов Медет Ерболатұлы жас ұстаздарды құттықтап, өткен жылдың қортындысымен және жаңа жылға қойған жоспарларымен таныстырды. 
Шараға облыстың 100-ден астам жас ұстаздары қатысып, оның ішінде 65 кәсіподақ мүшесі түрлі марапаттарға ие болды. 3 бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшылары «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, «Ұстаз мерейі – ел мерейі» атты журналистер арасындағы Республикалық байқауының жеңімпазы – «Ақтөбе» телеканалының ақпараттар бөлімінің редакторы Махмутова Айсулу Куандыковна Салалық кәсіподақ тарапынан 100000 теңге, облыстық кәсіподақ тарапынан 70 000 теңге ақшалай сыйақы Сертификаттарымен марапатталды. 6 ұстаз Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен, 2 кәсіподақ көшбасшысы Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар Орталығының Құрмет грамотасымен, 2 көшбасшы Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен, бір ұстаз облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды. Барлық марапатталғандарға ақшалай сыйақы ұсынылды. Жылдағы үрдіс бойынша 50 жас ұстаз аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен аудандық білім бөлімдерінің ұсыныстары бойынша облыстық кәсіподақ есебінен көктемгі каникул кезінде шипажайға демалуға Сертификаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. 

«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ








 
  Полезные ссылки