Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Аудандық «Наурыз – Ару-2019» қыз сыны байқауы
14 марта 2019
2019 жылдың 13 наурыз күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымының филиалы, «Жастар жылы» аясында «Ұлт тағдыры - жастардың қолында» деп, Елбасымыз айтқандай, елімізді алға жетелейтін жастардың нәтижелі жұмысын, белсенділігін арттыру және сол жастар арасынан қабілетті аруларды анықтау, ұлтымыздың салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Наурыз-Ару» қыз сыны байқауының аудандық кезеңін ұйымдастырды. 
Ауданның білім және ғылым қызметкерлерінен 13 ару сұраныс бойынша қатысып, бағын сынға салды. «Наурыз-Ару» қыз сыны байқауы «Сәлем - сөздің анасы», «Өнерлі өрге жүзер», «Ұшқыр ой» атты үш бөлімнен тұрды. 
Жас арулар әрбір бөлімді үш тілде ашып, әдепті де инабатты қылығымен көрермендерге өз өнерлерін көрсете отырып жақсы көңіл - күй сыйлай білді. 
Қатысушылардың сөз саптауы,  батылдығы, өнерпаздығы өзін –өзі ұстауы, байқау барысында айқын көрінгендіктен, қазылар алқасы аудандық әжелер кеңесінің мүшесі Зәуреш Әлібекқызы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының маманы Асылтас Базарбайқызы, Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығының тәрбие жөніндегі орынбасары Мәншүк Жақсылыққызы және №4 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің маманы Қалиева Ұлпан жас арулардың өнерін тамашалап, әр бөлімді талдап, саралап өз бағаларын берді. 
Тілге тиек етіп айтатын болсақ, І орын иегері №7 орта мектептің жас аруы Толғанай Тлепова өзін – өзі таныстыруды қазіргі заманға сай креативті қабілетін көрсетті, өз өнерінде үш ұлттың биін билеп көрермендер назарын өзіне баурады, ал «Ұшқыр ой» сұрақ – жауап бөлімінде берілген сұраққа мүдірмей үш тілде жауап берді. 
Сондай-ақ ІІ орын иегері №1 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Іліяс Сандуғаштың «Өнерлі өрге жүзер» бөліміндегі өз қолымен жасаған тоқыма бұйымдары көпшілікті таң қалдырды. ІІІ орын иегері №4 «Балапан» балабақшасы тәрбиешісі Таңатар Ақмарал берілген тапсырмаларды талапқа сай орындай білді. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Мұнайлы аудандық ұйымы барлық қатысушыларға дипломмен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 
Маңғыстау облыстық ұйымының, Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы Рита Текеева









 
  Полезные ссылки