Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Сарқан ауданында семинар өтті
14 марта 2019
Білім және ғылым қызметкерлері Сарқан аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Мұғалім мәртебесі-елдің мәртебесі» атты семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Панар Әнуарқызы, мектеп директорлары мен кәсіподақ белсенділері қатысты. Сарқан аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ермек Алинов мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының соңғы нұсқасын көпшілікке таныстырды. «Қапшағай қаласында «Білім саласындағы жаңалықтар» республикалық семинар- кеңесі өтіп, осы заңның жобасы барлық білім ордаларының басшыларына түсіндірілген еді. Бүгін аудан көлімінде осы шараны жалғастырмақ ниетте семинарды өткізіп отырмыз»,-деді өз сөзінде аудандық кәсіподақ комитеттің төрағасы Ермек Шапиянұлы. Сонымен қатар, білім саласындағы жаңашылдықтарды игеріп, оқушыға білім мен қатар тәрбие де беретін ұстаздардың жағдайын жақсарту жолында жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Шараға қатысушылар тарапынан заң жобасының алғашқы нұсқасында көрініс тапқан тармақтардың өзгерілгендігі жайында бірқатар сұрақтарын қойды. Онда мұғалімдердің еңбек өтілімен зейнеткерлікке шығуы, тұрғын үй мәселесі, еңбек демалысы кезінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақының төленуі туралы сауалдарға толық жауап берді. 

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері 
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі



 
  Полезные ссылки