Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Open Talks жас мамандарға ашық алаң
6 июня 2019
Қызылорда облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті Жастар жылы аясында арнайы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында жас ұстаздарға Ашық алаң форматында Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш аудандарында кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мәнсүрқызы, облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы Абиева Шынар, аудандық Ауыл шаруашылық бөлімінің әдіскері Сүлейменова Назерке, Кәсіпкерлік және туризм басқармасының маманы Мұханбетжан Ғабидин, «Тұрғын ұй құрылыс жинақ» банкінің консультанты Амантайұлы Азамат, Атамекен Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасының менеджері Үсенова Жанар жастарға әлеуметтік қолдау, құқықтық көмек беру және жалақының өсуіне байланысты түсіндірмелер берді.
Ашық алаң әрі қарай Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарында жалғасын табады.

Облыстық кәсіподақ комитеті








 
  Полезные ссылки