Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

САЙЛАУШЫЛАРМЕН ӨТКЕН САРЫСУДАҒЫ КЕЗДЕСУ
7 июня 2019
Тәуелсіз еліміздің заңдары шеңберінде кәсіподақтар федерациясынан президенттікке ұсынылған кандидат Амангелді Таспиховты елдің 15 өңірінен 122 770 адам қолдап қол қойған болса, соның ішінен 119 577 қол рас деп танылып, А.Таспихов президенттікке кандидат ретінде тіркелген болатын. Үгіт жұмыстарын жүргізуге арналған уақыттың басталуымен аймақтарда үміткерді қолдау мақсатында арнайы штаб пен қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылып, сенімді өкілдер белгіленді. Солардың жүргізген үгіт жұмыстарының нәтижесінде А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы Әулиеата жерінде де кеңінен насихатталды.
Кандидаттың сенімді өкілі, Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков бастаған үгіт-насихат тобы облыстың бірқатар аудандары мен еңбек ұжымдарында болып, өңірлерді аралаған сапарларында халықты сайлаудан қалыс қалмай, ел болашағы үшін оған бір кісідей қатысуға шақырды. Мәселен, кешегі күні үміткердің сенімді өкілдері Сарысу ауданына ат басын бұрып, сайлаушылармен кездесті. Бұл насихат жұмыстары мерзімінің аяқталуына байланысты кездесу өткен соңғы аудан болатын.
Ерұлан Мағзымбеков кездесу барысында өз сөзін сайлаудың ел тағдырында маңызы жоғары және мемлекеттің болашағы әрбір азаматтың қолында екенін айта отырып, кандидаттың өмірбаянымен таныстырды. Сондай-ақ, А.Таспиховтың бағдарламасында көтерілген нақты мәселелер мен міндеттер туралы айтып өтті.
- Амангелді Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы еңбек адамын қорғауға бағытталған. Кәсіподақтың кандидаты әділетсіз жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, еңбек жағдайларындағы қауіпсіздік пен қызметкерлерді еңбек құқықтарымен қамтамасыз ету, оларға лайықты еңбекақы төлеу мәселелерін алға тартуда. Сол себепті кәсіподақ мүшелері президенттікке үміткер Амангелді Таспиховқа қолдау көрсетуі керек, - деді Ерұлан Сәбенұлы өз сөзінде. 
Жиын соңында үгіт материалдары үлестіріліп, сайлаушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға оңды жауаптар қатты.

Перизат БАҚЫТ








 
  Полезные ссылки