Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Алматы облысында оқушылар шипажайдан оралды
10 июня 2019
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы дәстүрлі түрде кәсіподақ балаларының демалыс уақыттарын тиімді ұйымдастырып келеді. Биылғы жылы облыстық ұйым және аудандық, қалалық филиалдардың демеуімен 100-ге жуық оқушы «Көктал-Арасан» шипажайында демалып қайтты.
Сауықтыру орталығында 24 қызметкер жұмыс істеп, он күн бойы оқушылардың денсаулығын қадағалап, 4 мезгіл тамақтандырып, бос уақыттарында тәрбиешілер «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны», «КТА» жайдарман ойындары, спорттың әр түрінен шаралар ұйымдастырып, Панфилов ауданындағы тарихи жерлермен таныстырды.
Демалушылардың соңғы күнінде сауықтыру орталығы қоштасу кешін жасады. «Көктал-Арасан» шипажайының директоры Құрманжан Ахметқалиев демалушыларға алғысын білдіріп, айтылған идеяларын алып, алдағы жұмыс барысында қолданатынын жеткізді.
Шара барысында тәрбиешілер жоғары да аталған шаралар бойынша жеңімпаздарды марапаттап, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан балаларға грамотасын табыс етті. Жазылған хаттар үлестіріліп, алау оты жағылды.
Оқушылар бір – бірімен қимаш қоштасып, шипажай қызметкерлеріне және осы демалысты ұйымдастырған кәсіподақ ұйымдарына алғыстарын білдірді.

Алматы облысы білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі






 
  Полезные ссылки