Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
6 сентября 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы кезектi де өткiр мәселелердi қамтыды. Жолдау барысында Мемлекет басшысы елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк дамуының маңызды салаларына тоқталып, Үкімет пен тиісті органдарға үлкен жауапкершілік жүктеді. Осы орайда, барша қазақстандықтар сезінген жауапкершілікті азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі – кәсіподақтар да өз ой-елегінен өткізіп, Президент тапсырған міндеттерді мүлтіксіз орындауға ден қойып отыр. 
Кеше Кәсіподақ үйінің мәжіліс залында Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбековтың төрағалығымен өткен Атқару комитетінің отырысында алғашқы болып Қ.Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын кәсіподақ ұйымдарының міндеттері туралы мәселе қаралды. 
- Жолдаудың «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» тарауының «Білім беру сапасын жақсарту» бөлімінде көтерілген мәселелер білім кәсіподағының өкілдерін барынша қызықтырып, жауапкершілікті арттырып отыр. Сондықтан да, кәсіподақтар жаңару процесіне белсенді түрде қатысып, еңбек адамының құқығының сақталуына барлық күш жігерін салатын болады. Себебі, білім саласындағы кез-келген реформаны жүзеге асырудағы басты тұлға қашан да мұғалім болған және бола бермек, - деді Ерұлан Сәбенұлы.
Атқару комитетінің мүшелері, Кәсіподақ филиалдары мен тікелей бағыныстағы құрылымдық бөлімше жетекшілері, аймақтық құқықтық инспекторлар қатысқан жиында күн тәртібіне сай өзге де бірқатар мәселелер қаралды. Олардың қатарында Байзақ ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Ләззат Айтқұлованың сала өкілдері-кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау жұмысының жағдайы туралы, Кәсіподақтың Тараз қалалық филиалы мен Біріккен комитетінің ұжымшарттық жұмысты ұйымдастыру бағытындағы жарғылық талаптар мен міндеттерді орындау қызметінің жағдайы туралы мәселелер.
Сонымен бірге, облыстық ұйым аппаратындағы кадрлық іс құжаттарын жүргізу, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдерін 2019 жылғы сауықтыру шараларының қорытындылары мен 2019-2020 оқу жылында кәсіподақ белсенділерінің оқуын ұйымдастыру туралы мәселелер назардан тыс қалмады. 
Алқалы жиын мүшелері алдағы болатын Еңбек күні, Мұғалім күні мен Қазақстан кәсіподақтары күндеріне орай өткізілетін кәсіподақтық шаралар туралы шешім қабылдады.

Перизат БАҚЫТ








 
  Полезные ссылки