Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Білім және ғылым қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген Кеңес отырысы өтті
11 сентября 2019
Кеңес отырысын облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова ашып, Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына 02.09.2019 ж. «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауынан туындайтын облыстық кәсіподақ ұйымдарының міндеттерін айқындады.
Жаңа жолдауды кәсіподақ белсенділеріне насихаттауда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайм орынбасары Г.Ескалиева баяндама жасап, Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы міндет қойылып отырғандықтан, кәсіподақ көшбасшыларын бұл мәселені қатаң қадағалап, еңбек адамдарының мүддесін қорғауға белсене араласуға шақырды.
Президент Жолдауын Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Раман өз сөзінде: «Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқанын атап өтті. Оған себеп – ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Сондықтан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет екендігін айтса, облыстық Жастар кеңесінің төрайымы Ж.Сагиндыкова өскелең ұрпақтың саналы, бәсекеге қабілетті болуы мен ұлттық болмысымызды айшықтауға негіз болатын темірқазық ретінде қабылдады. Жас кәсіподақ белсенділері тер мен бейнеттің, тынымсыз еңбектің, талмай ізденудің, жалықпай оқып-үйренудің жемісі жасампаз кемел елдің келешегі мен еңсесін тіктейтін даңғыл жолға апаратынын айтты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Н.Утегенова әлеуметтік әріптестік тиімділігін арттыруға қол жеткізіп, кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау, білім беру ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жөнінде жүйелі және мақсатты жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. 2018 жылдан 2019 жылдың қыркүйек айына дейін жүргізілген 230 қоғамдық бақылау барысында 126 еңбек заңнамасын бұзушылық анықтады.
2018-2019 жж қыркүйек айына дейін облыс бойынша заң көмегімен жүгінген білім қызметкерлерінің жалпы саны - 1472. Оның ішінде: жеке қабылдау бойынша-988, телефон арқылы-484.
Құқықтық жұмыс нәтижесіне сай экономикалық тиімділік 20 302 426 теңгені құрайды.
Қызылорда облыстық еңбек бақылау басқармасының бөлім басшысы Б.Досымов білім саласында жиі кездесетін заң бұзушылықтарға және оның алдын-алу жолдарына тоқталды.
№198 орта мектебінің директоры А.Садыкбекова үздік әлеуметтік әріптес ретінде ұжымдық шарттың орындалу барысы бойынша мәлімет берді. Кеңес отырысында Жолдауға арналған іс-шаралар жоспар жобасы талқыланып, бекітілді.
Осы орайда Р.Байназарова ұстаз игілігі үшін, еңбек адамының әл-аухатын өсіру мақсатында жасалып отырған жұмыстарда кәсіподақтардың өзіндік орны бар екенін және еңбек қатынастарын реттеу бойынша әлеуметтік әріптестік аясында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, қорытындылады.










 
  Полезные ссылки