Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

«Ұстаз - ұлағатты есім»
7 октября 2019
Үстіміздегі жылдың қазан айының алғашқы аптасында, Ұстаздар күні мерекесіне орай, Ақтау қалалық білім бөлімі мен қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағының бірлесе ұйымдастырылған мерекелік іс-шарасы аталып өтті.
Мерекелік шараға облыстық, қалалық білім беру саласындағы басшылар, мұғалімдер және еңбек демалысындағы ұстаздар қатыстырылды.
Мерекелік шараны Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Г.Алдашева жиынға қатысушыларды ұстаздардың төл мерекесімен құттықтау тілегін жеткізе келе, қалалық әкімінің атынан ұстаздық еңбек жолында жетістікке жеткен ұстаздарымыз «Алғыс хатпен» марапатталды.
Сонымен қатар жиынға қатысушыларға облыстық білім басқармасы жанынан да құттықтаулар мен марапаттаулар жүргізілді.
Құттықтау сөз кезегі қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы К.Енсегеноваға берілді, бүгінде ел ертеңі жас ұрпақты білім нәрімен сусындата отырып, тәлім-тәрбие беруде және адами құндылықтарды бойына дарытып жеке тұлға қалыптастырудағы мұғалімнің еңбегі өте зор және өлшеусіз екендігін айтып өтті. 
Ұстаздық еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымызға да жылы лебізін жеткізе келе қалалық кәсіподақ ұйымы атынан ардагер ұстаздарымызды «Алғыс хатпен» және сыйлықтармен марапаттап өтті.
Сара жолдың ізашары болып, талай шәкірт тәрбиелеген мұғалімдер күні бүгінде ерекше мағынаға ие.
Бүкіл өмірін ел болашағының тұғырына арнаған жандарды құрметтеп, биікке көтергенді де жұрт асылға балаған. Осылайша адамзат тарихында ұстаздың еңбегі қашанда бағалы болып қала бермек.
Жиын соңында мерекелік іс-шараға қатысушылар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының №10 орта мектептің 
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Кадимова




 
  Полезные ссылки