Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

«Ұстаз жолы ұлылық!»
8 октября 2019
2019 жылдың қазан айының бірінші аптасында №4 орта мектепте аудандық білім бөлімінің бұйрығымен білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Мұнайлы аудандық филиалының демеушілігімен ұстаздардың кәсіби мерекесіне «Ұстаз жолы ұлылық!» тақырыбында салтанатты шара өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Біләлов, ауданның мәслихат хатшысы Б.Назар, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Мамаева, білім беру ұйымдарының басшылары мен ардагер ұстаздар және мұғалімдер қатысты.
Шараны сол мектептің түлегі, Ұазаұстан Республикасының Мәдениет саласының құрметті қызметкері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері белгілі әнші Тамара Асар «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» мерекелік ән шашуымен ашып беріп, шараға қатысқан барлық білім беру ұйымдарының педагогтеріне жақсы көңіл-күй сыйлады.
2019-2020 оқу жылында жұмысқа қабылданған жас мамандар ардагер ұстаздарға сыйлықтар табыстады. Ұстаздардың көпжылғы еңбегімен білім саласына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Құрметі» мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыстары» мен марапатталды.

Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалы төрайымы Р.Н.Текеева




 
  Полезные ссылки