Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

«WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатына қатысатын студенттерімен кездесу ұйымдастырылды
7 ноября 2019
Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» 11-15 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатына қатысатын студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Чемпионатқа Маңғыстау облысының түрлі колледждерінен 30 студент жолдама алды. Кездесуге Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы А. Сейдалиев, Маңғыстау облысының маслихат хатшысы Н. Тұмышев, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, меценат А.Өрісбаев және «WorldSkills» қозғалысының өңірдегі серіктес мекемелерінің басшылары қатысып, чемпионатқа қатысушы студенттерге сәт-сапар тілеп, облыс әкімінің сыйлықтарын табыстады. Аталған шарада «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы «Болашақ» жастар кәсіподақ ұйымының мүшелері: Маңғыстау гуманитарлық колледжі, Маңғыстау политехникалық колледжі, Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі, Ақтау техникалық қызмет көрсету колледжі студенттеріне ақшалай сертификат табыстады.
«WorldSkills» ұлттық чемпионатынын мақсаты жүмысшы мамандығын дәріптеу, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру болып табылады. Осы шараға 14 өңірден және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 40-қа жуық құзыреттілік бойынша жастар кәсіби шеберлік сынына түседі.






 
  Полезные ссылки