Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНДА «АРДЕГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ» ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
8 ноября 2019

«Алты алаштың бас қосылса төрдегі орын мұғалімдікі» деп
жоғары деңгейде балалауға лайық ұстаздақ қызмет –
мамандықтардың ішіндегі ең маңыздысы десек артық болмас...

Көп жылдар бойы ұстаздақ қызмет атқарған, аудан әкімдігінде, білім беру бөлімінде жұмыс жасап, заманның қиын-қыстау уақытында А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде директорлық қызмет атқарған Уахит Ишанұлының мерейлі 80 жасына орай  аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен ұлағатты ұстазымызды ұлықтау шарасы өткізілді.

Аталған шараға ауданымыздың ардагер ұстаздары мен жас мамандары қатысты. Ардагер ұстаздарымыздың ақ жарма тілектерімен қоса айтылған ақыл-кеңестері, жас мамандарымызға парасатты ой салып, өз істеріне деген құлшыныс, белсенділіктерін арттырғаны сөзсіз.

Шара барысында Казталов балалар саз мектебінің оқушысы, Уахит атамыздың немересі Зере өз шығармасын тарту етсе, аталған мектеп ұстаздары ұлағатты ұстаздардың құрметіне «Ұстазым» әнін шырқады.

Аудан әкімі А. Есалиев ардагер ұстазға ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегі үшін алғысын білдіріп, аудан әкімдігі атынан құттықтау хат табыстады. Казталов аудандық кәсіподақ төрайымы А. Кенжегалиева  заттай сыйлық пен гүл шоқтарын табыстады. Ардагер ұстаздардың төрайымы Г. Исмагулова да өз тілегін білдірсе, жас маман А. Есенгазиев өлең шумақтарын оқыды.

Шара соңында ардагер ұстаз Уахит Ишанұлы кеш ұйымдастырушыларына алғысын білдірді. Құттықтау шарасына қатысушы ардагер ұстаздар да ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін айтып, қуана тарқасты.

Казталов ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің 
кәсіподақ ұйымының төрайымы Асыл Кенжегалиева










 
  Полезные ссылки