Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Ырғыздағы «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы дөңгелек үстел
29 ноября 2019

«Әйелдерге қарсы зорлық пен зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында  25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күніне  орай Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әлеуметтік педагогтары арасында №1 қазақ жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Сапарбаеваның ұйымдастыруымен    2019 жылдың 28 қараша күні «Зорлық-зомбылықсыз отбасы– бақыт мекені» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Отбасындағы қатыгездік қарым-қатынас мәселесін шешудің мүмкін нұсқаларын анықтау болды. Дөңгелек  үстелге Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбенов Қасымхан Жоланұлы  қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтардың алдын-алу, қиындықтардан шығу жолдары туралы өз пікірлерімен бөлісіп, тренингтер ұйымдастырылды.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ


 
  Полезные ссылки