Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

«Ұстаздыққа қадам» атты облыстық байқау
29 ноября 2019

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес,  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының демеушілігімен 29 қараша күні білім саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, қолдау және шығармашылық потенциалын ашу мақсатында «Ұстаздыққа қадам» атты облыстық байқау ұйымдастырылды.

Шараға ауыл мектептерінде жұмыс жасайтын жас мамандар қатысып, қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей орындар мен мадақтамаларды иеленді:

Бас жүлдені Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясының мұғалімі Өтесін Мәди Өтесінұлы, І-орынды Мәртөк ауданы, Аққайың орта мектебінің ұстазы Бахытжанов Багдат Жалнасбаевич, ІІ-орынды Қарғалы ауданы, Пацаев атындағы орта мектебінің жас маманы Нұртанов Қайсар Бердіғалиұлы, ІІІ-орынды Мұғалжар ауданы, Көтібар батыр атындағы негізгі орта мектебінің жас ұстазы Тоқ Әлия Амантайқызы иеленіп, түрлі номинациялардың иегерлері анықталды.

Жеңімпаздар екіжақты дипломдармен марапатталып, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының есебінен жазғы республикалық жас ұстаздар лагеріне жолдама және Каспий жағалауында демалу Сертификаттарымен марапатталды.

Номинанттар мен қатысушылар қаржылай сыйақыларға ие болды. Жеңімпаз жас ұстаздарға шығармашылық табыстар тілейміз!

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері 
кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ


 
  Полезные ссылки