Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru

  Новости территориальных организаций

БІЗ БІРГЕМІЗ!
19 марта 2020

"Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек" - ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінен.

Әлемді шарпыған кесел біздің елімізді де айналып өтпеді. Бүгінгі таңда мұнай бағасының төмендеуі және короновирустық пандемияның таралуы әлем мемлекеттерінің ішкі жағдайына кері әсерін тигізуде. Қазақ халқы көптеген қиын-қыстау кезеңді бастан өткерді. Қиындықты еңсеруде еліміздің бірлігі, жомарттығы себеп болған. Дәл осы шақта да біздің бірлігіміз бекем болуы қажет.

Қоғамның ең үлкен бөлігі ретінде Білім қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті қамқорлықты қажет ететін мүшелеріне қолдау көрсетуді назардан тыс қалдырмады. Біздің қоғамдық ұйым әлемді әурелеген COVID-19 пандемиясы тұсында  қалалық, аудандық кәсіподақ комитеттерінің және әрбір  бастауыш кәсіподақ ұйым   төрағаларымен жедел түрде тікелей байланысып, аз қамтылған 362 отбасына ар қайсысына 15000  теңге көлемінде азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Еліміз қиын жағдайдан аман өтіп шығу үшін бізге ынтымақ керек. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезініп, көмек керек жандарға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз.

Қызылорда облыстық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы


 
  Полезные ссылки