Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru

  Территориальные организации

ОО "Атырауская областная организация Казахстанского отраслевого профессионального союза работников образования и науки"

Адрес: 060007, г. Атырау, ул. Гурьевская, 5

E-mail: proin.atyrau@yandex.ru; kylyshbay56@mail.ru

Телефон: 8 (7122) 328120; 8 778 736 89 35

Председатель: Қылышбай Сүндетұлы

Дата рождения: 25 наурыз 1956 жыл



Қылышбай Сүндетұлы, 1956 жылы 25 наурызда (нақтысы –  5 мамыр) Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты № 11 ауылда дүниеге келген. Әкесі – Құлжанов Сүндет, қарапайым жұмысшы, анасы – Такенова Күйкін, үй шаруасындағы әйел-ана болып, 8 ұл-қыз тәрбиелеген.

Қ.Сүндетұлы 1974 жылы ауылдағы Фурманов атындағы орта мектебін үздік бағалармен аяқтаған. 1979 жылы Атырау қаласындағы Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетін үздік бағаға бітіріп, «тарих және қоғам тану пәндерінің мұғалімі» мамандығын алады.

Алғашқы еңбек жолы Новобогат ауданы Амангелді атындағы орта мектебінде мұғалімдіктен басталып, Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде әдеби қызметкер, Қазақстан ЛКСМ Махамбет аудандық комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Махамбет аудандық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы, Халық депутаттары Ақжайық селолық Атқару комитетінің төрағасы, округтің Әкімі лауазымын атқарды. Отбасы жағдайына байланысты Атырау қаласына көшіп келгеннен соң Атырау облыстық әкімшілігінің экономика және жоспарлау басқармасында аудармашы, Атырау қаласындағы № 18 Н.К. Крупская атындағы орта мектептің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары, республикалық-аймақтық «Сахара» газетінде редакция меңгерушісі, Атырау менеджмент және маркетинг колледжісінің директоры, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушысы.

2007 – 2015 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы университетінде аға оқытушы, Тарих-филология, Заң, Гуманитарлық факультеттерінің деканы, университеттің шаруашылық-әкімшілік бөлімінің басшысы, университеттің З.Қабдол, «Мәңгілік ел» және «Атырау өлкесінің тарихы, археологиясы және этнографиясы» ғылыми-зерттеу бөлімінде директор, аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.

2009 – 2018 жылдар аралағында Х.Досмұхамедов атындағы университеттің оқытушы-қызметкерлері бастауыш кәсіподақ ұйымының төраға орынбасары, төрағасы лауазымын қоғамдық негізде атқарды.

 2018 жылдың 19 маусымында баламалы негізде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағалығына сайланды.

2008 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Ғылыми Кеңесте 07.02.00 – Отан тарихы мамандығы бойынша «Батыс Қазақстандағы баспасөздің дамуы (1917 – 1940 жж.)» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаттығынан диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты атанды. 94 ғылыми және 530-дан астам  танымдық мақалалардың авторы. ҚР БжҒМ жанындағы РОӘК (Әл-Фараби, Абай ҰУ) грифін алған 3 оқулықтың, 4 әдістемелік-көмекші оқу құралдарының авторы.

1984 жылы КСРО, 2004 жылы Қазақстан журналистер одағының мүшелігіне қабылданған. 

Отбасылы: жолдасы – Сарбай Гүлбадан, ұстаз-зейнеткер. 2 ұл, 2 қызы және 4 немере, 2 жиені бар.





 
  Полезные ссылки