Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости

7 МАМЫР - ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ!
7 мая 2018

5 мая 2018

4 мамыр күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініңстуденттер мен магистранттар бастауыш кәсіподақ ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен ,Астана қаласында жоғарыда аталған университеттежас ақындардың "Жастық шақ көк семсердің жүзі емес" атты республикалық айтысы өткізілді.
Айтыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы аясында  Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай,  сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғалары  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының 160, Халел Досмұхамедұлының  135 және  Әміре Қашаубайдың  130 жылдығына ұйымдастырылған.  Бұл шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен он екі жас ақын қатысты. Атап өтсек, Әлихан Жақсылық (Ақтөбе қаласы), Бекжан Ержігіт  (Қызылорда қаласы), Мәрес Байрон (Павлодар қаласы), Жібек Шахмарданқызы  (Алматы қаласы), Бек Шмат (Астана қаласы), Нұрмұхаммед  Байсүгір  (Қарағанды қаласы), Аян Ниязбек  (Шымкент қаласы), Абдрауф Орал (Астана қаласы), Бексұлтан Қайдар (Екібастұз қаласы), Сырым Әділбек (Қызылорда қаласы),  Айбек Жеңісқазин (Семей қаласы), Рысгүл  Манарбекқызы (Түркістан қаласы).
Ұлттық өнердің қазығы бола білген суырып салма додасының басты мақсаты - дарынды  жастардың талабын шыңдау,  олардың шығармашылығын ынталандыру, ұлттық өнердің аясын кеңейту, жас ақындардың тарихымызды, тұлғаларымызды тануына, ұлтшылдық сезімі мен азаматтық  жауапкершілігін арттыруға жол ашу болып табылады.
Жыр  додасына  ақындардың өнеріне айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, Иранғайып Күзембаев, Мұхтар Ниязов, алаштанушы Сағымбай Ботпайұлы, салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Майра Амантаева қазылық етті. Айтысты республикамызға белгілі айтыскер-ақын Серікзат Дүйсенғазы жүргізді. Ол айтыс қонақтары мен қатысушыларына қошемет білдіре отырып, шараның өткізілуіне сала кәсіподағының үлкен қолдау көрсетіп және  жүлде қорына 1,5млн теңге тіккенін атап өтті.
Айтыстың ашылу салтанатында салалық кәсіподақ төрайымы Майра Амантаева өз сөзінде қоғамдағы ұстаздар мәртебесінің бүгінгі жай-күйіне тоқтала келе, әлі де бұл мәселеге қатысты шешілмеген түйіндердің бар екенін тілге тиек етті. Мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" мен "Бес әлеуметтік бастама"  атты  бағдарламаларында аталып өткендей, ұлттың рухани дүниесі мен ұлттық кодтың болашақ ұрпақ үшін айтарлықтай маңызды екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, салалық кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарының бірі - жастармен жұмыс екендігін  ерекше атап өтіп, сөзінің соңында жас ақындарға сәттілік тіледі.
Еуразия ұлттық университетінің ректоры, т.ғ.д. Сыдықов Е.Б. өз сөзінде салалық кәсіподақпен бірлескен жұмысы туралы айта келе, осындай маңызды шараларға қолдау көрсеткені үшін Амантаева Майра Тұрғанқызына алғыс білдірді және университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен ұзақ жылдар бойы білім саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін "Күлтегін" медалімен марапаттады.
Айтыста "Тұғыры биік тұлғалар"; "Азаттығым, қазақтығым – байлығым"; "Білім мен тәрбие – кемел болашақ кепілі"; "Туған жерге туыңды тік"; "Кешегім – тарих, ертеңім – ерен, бүгінім – жарық"; "Ел жүрегі – Елорда" тақырыптары қамтылды. Айтысқа қатысқан Екібастұз қаласынан келген ең жас айтыскер мектеп оқушысы, он үш жасар Бексұлтан Қайдар айтыс барысында мұғалімдердің проблемаларын көтерді.
Көрермендер әр жұпты жылы қарсы алып, әрқайсысына қошемет көрсетіп отырды.
Айтыс қорытындысы бойынша, Гран-при қызылордалық жас ақын Сырым Әділбектің қанжығасына байланды, жүлде қоры - 500 000 теңге, І орын- Нұрмұхаммед Байсүгір (Қарағанды қаласы) - 300 000 теңге, ІІ орын- Әлихан Жақсылық (Ақтөбе) және Бексұлтан Қайдар (Екібастұз қаласы) - әрқайсысына 200 000 теңгеден, ІІІ орын - Абдрауф Орал (Астана қаласы), Бекжан Ержігіт (Қызылорда қаласы) және Рысгүл Манарбекқызы  (Түркістан қаласы) - әрқайсысына 100 000 теңгеден.
Алдағы уақытта осындай жас ақындар айтысын дәстүрлі түрде өткізу жөнінде шешім қабылданды.












28 апреля 2018

Уважаемые коллеги!

Поздравляю Вас с праздником 1 мая – Днем единства народа Казахстана!

Этот яркий первомайский праздник продолжает замечательные традиции нашего многонационального народа, символизируя мир и согласие. Это праздник дружбы, который так необходим для мирной жизни в стране,
где проживают более 150 наций и народностей.

От всей души поздравляю Вас с Праздником! Желаю вам крепкого здоровья, мира, добра,
благополучия и новых успехов во благо процветания нашей Родины - Республики Казахстан!

                  Председатель профсоюза работников
             образования и науки Республики казахстан                                                      Майра Амантаева

Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки