Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости

Ардагер ұстаздармен кездесу
3 августа 2017
   3 тамыз күні Астана қаласы Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының қолдауымен келген Алматы облысы Талдықорған өңірінің 36 ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді.
    Бұл орайда Талдықорған аумақтық салалық кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жазғы демалыстарын ұйымдастыру мақсатында білім саласында қажырлы еңбек еткен, шалғай ауылдан келген  ұстаз ардагерлер мен кәсіподақ белсенділері «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмені тамашалауға келгендіктерін арнайы атап өтсек.
  Кездесу барысында салалық кәсіподақтың өңірлік бөлімшелерінің құрылымдық ерекшеліктері, өңірлік салалық кәсіподақ қозғалысының соңғы жаңалықтары,  білім беру саласындағы реформаларға қатысты пікір алмасу, салалық кәсіподақ қызметіндегі құқықтық қызметтің жандану бағыты сынды мәселелер кеңінен талқыланды.
    Ардагер ұстаздардың тарапынан Талдықорған аумақтық салалық кәсіподақ ұйымына деген алғыстар айтылып, алдағы жұмыстарға толағай нәтиже тіледі.  





Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки