Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости

Поздравление Майры Амантаевой - председателя Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки с Днем учителя
5 октября 2018
Қадірменді ұстаздар қауымы! Баршаңызды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
атынан шын жүректен кәсіби мерекелерінізбен шын жүректен құттықтаймын!

"Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаматтығымыздың алдаспаны" - деп Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев айтқандай, тәуелсіздікпен бірге қазақ еліне келген толағай жетістіктерімізді сапалы
білім жүйесімен елестету мүмкін емес. Бұл бағытта ұстаздар қаумының қосқан үлестері ұшан-теңіз.
Шығыс ғұламасы "Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді,
ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады" дейді. Ендеше, елімізде білімге негізделген инновациялық -
экономикалық жетістіктерді мемлекеттің даму стратегиясымен сабақтастыратын,
әрі оны жүзеге асыратын ұлы ұстаздар қатары көбейсін.

Халқымызда "ұстазы жақсының ұстанымы жақсы" деген ұлағатты сөз бар. Сіз сияқты ұстаздардың
арқасында еліміздің мыңдаған жастары мектеп бітіріп, арнайы және жоғары оқу орындарына түсіп,
үлкен өмірде өз жолдарын табуда. Ұстаздық - ең қадірлі, ең мерейлі, ең жауапты мамандықтың бірі әрі бірегейі.
Тағыда келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Зор денсаулық,
қажымас қайрат, еңбектеріңіз жанып, өз жемісін беруіне тілектеспін.
Елдігіміз баянды, абыройымыз айбынды, тұғырымыз биік болсын!
 

Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М. Амантаева
Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки