Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости

Түркістан облысы Түркістан қаласында семинар-кеңес жалғасты
16 ноября 2018

2018 жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласында «Техникалық және кәсіптік білім беру» жүйесін дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. 16 қараша күні Түркістан облысы Түркістан қаласында семинар-кеңес жалғасты. Семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Жүнісов Ернат Ғапуұлы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, ҚР "Атамекен" ҰКП адами капиталын дамыту департаменті директорының орынбасары Шонаева Ляззат Жаббарқызы және облыстық, қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағалары, үш жүзге тарта білім саласының басшылары, басшы орынбасарлары және әдіскерлері қатысты.

Семинар кеңестің мақсаты: «Техникалық және кәсіптік білім беру» жүйесі дамуының өзекті мәселелерін талдау. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Жүнісов Ернат Ғапуұлы «Техникалық және кәсіптік білім беру» жүйесін дамытудың проблемалары және перспективасы» тақырыбында ой қозғап, келелі мәселелерді атап өтті.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының жұмысы жайлы толық мәлімдеме жасады.

ҚР "Атамекен" ҰКП адами капиталын дамыту департаменті директорының орынбасары Шонаева Ляззат Жаббарқызы «Дуалды оқытуды дамыту және колледждер рейтінгісін енгізу» тақырыбында баяндама жасады. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан Шымкент қаласы техникалық және кәсіптік білім жүйесінің дамуы туралы ақпарат берді. «Қаржылық орталық» АҚ білім беруді мемлекеттік қаржыландыру жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Кедесова Айнұр Амангелдіқызы «ТжКББ жүйесін жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу мәселелер туралы» баяндама жасады. М.Өтебаев атындағы жоғары технологиялар колледжі директорының оқу - өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Шалдарбеков Ахмед Молдабекұлы қолданбалы бакалавриат бағдарламасын енгізу мәселелерін атап өтті.

Семинар – кеңес сұрақ және жауаптармен жалғасын тауып, кәсіподақ белсенділерінің көкейлерінде жүрген мәселелер талқыланды. Семинар кәсіподақ белсенділері үшін рухани ақпараттық берері мол кеңес болды.





Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки