Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости

Солтүстік Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы комитетінің ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті
29 марта 2019
2019 жылдың 29 наурызында Солтүстік Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы комитетінің ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға  сайланған делегаттармен қатар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің  кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Т. Амантаева, төрайымның орынбасары А.М. Мұқашева, бас маман  Р.М.Қыдырбаева, СҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы

Е.Е. Нұрақаев, СҚО білім басқармасының басшысы Г.Р. Кәрімова және шақырылған қонақтар қатысты. Облыстық комитеттің 5 жылдық есебі тыңдалып, қанағаттанарлық деп бағаланды.

М.Т. Амантаева ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын  талқылау бойынша, республика көлемінде атқарылып жатқанжұмыстар туралы баяндады.

Сайлау нәтижелері бойынша Қызылжар аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Е. Аюпов төрағалыққа сайланды. Қазақстандық  салалық білім және ғылым қызметкерінің ХІV cъезіне 6 делегат сайланды. Конференция соңында Н.К. Оразымбетовке  көпжылдық  сала кәсіподағындағы адал еңбегі үшін алғыс білдіріліп, бағалы сыйлық берілді.

Кәсіподақ белсенділері әр деңгейдегі наградалармен марапатталды.





Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки