Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости

ЖАС ҰСТАЗ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ
28 июня 2019

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының негізгі бағыттарының бірі – жастар саясаты. Жастармен түрлі форумдар, кездесу алаңдары, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіледі. Соның бірі – дәәстүрге айналған республикалық жас ұстаздардың жазғы лагері. Бұған дейінгі бұл іспетті шара Алматы қаласы, Баянауыл жерінде және Каспий жағалауында өтті.

2019 жылғы 24-27 маусым аралығында Жер жәннаты Жетісу өңірінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының және Жастар кеңесінің бастамасымен һәм ұйымдастыруымен өткен шара ерекше сипатқа ие болды. Себебі, бұл жолы табиғаттың құшағында шоғырланған жас педагогтар Алматы облысының жауқазынымен танысты.

Әлемнің көлемі бойынша екінші орындағы үлкен шатқалдардың бірі - «Шарын» шатқалына барған сапар бүкіл жас ұстаздардың көңілінен шықты. Сонымен бірге, Алтынемел аумағындағы Ш.Уәлихановтың мемлекеттік мемориалдық музейімен және жергілікті сұлу табиғаттың көрінісімен жақын танысты. Шанханай ауылында жерленген Шоқан Уәлихановтың жатқан жеріне, оның ескерткішіне барып, дұға бағыштай отырып, тағзым етті. Ұзақ сапардан сырттай шаршаған ұстаздар, көңілдерінің көлдей көпіргендігін білдірді.

Сол сияқты «Тау-Жетісу» алқабына көтеріліп, жер баурайының алақанда тұрғандай көрінісімен тамсанған жастар бойларына рухани байлық дарытып, шексіз әсерге ие болды. Ұйымдастырылған кешкі астың құрметті қонағы «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері Әлімғазы Райымбеков ағамызбен танысып, батасын алды. Сапар соңында Текелі қаласына келіп, Кәсіптік колледжінің студенттер үйіне жайғасты.

26 маусымда жазғы лагерьдің салтанатты ашылу рәсімі барысында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Т.Амантаева, Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Д.Х.Жүнісов, Текелі қаласының әкімі Б.А.Өнербаев, Алматы облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Ә.С.Қыдырманов, Республикалық жастар кеңесінің төрайымы Ә.Ә.Әбиева және жастар қанатының өкілі, Батыс-Қазақстан облыстық жастар кеңесінің төрайымы И.М.Бадакова алғысөздерімен бөлісті.

Майра Тұрғанқызы Амантаева өз сөзінде қатысушыларды құттықтап, сәттілік тілей отыра, «бірлігі бар жердің тірлігі бар» нақылының қағидасын бетке ұстады. Себебі, елімізді «селк» еткізген Арыста болған оқыс оқиғаға қатысты моральдық әрі материалдық қолдау боларын ескертіп, тек Салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы бюджетінен ғана 5 000 000 (бес миллион) теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілетінін айтып өтті. Сонымен бірге салалық кәсіподақтың аймақтардағы мүшелік ұйымдары да өз есептерінен қаржылай қолдау көрсететіні жөнінде сөз қозғады.

Артынша, қатысушы жастар да өз аттарынан, Салалық кәсіподақ атынан аталған оқиғаға байланысты Үндеу қабылдады.

Текелі қаласының әкімі өз сөзінде қаланың тарихы, қалыптасу кезеңі туралы ақпаратпен бөлісе отырып, келген қатысушылар мен қонақтарды кешкілік мерзімге қала маңына серуенге шақырды.

Семинар-тренингтер басталмас бұрын Салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары А.М. Мұқашева қатысушылармен кәсіподақ туралы жалпы ақпаратпен бөлісті.

Шараның негізгі бөлімі семинар-тренингтермен жалғасты. Психолог-тренер Ш.И.Оразбаева «Тиімділігі жоғары кәсіподақ көшбасшыларының дағдылары: жастар және заманауи басқарудың әдістері», Салалық кәсіподақ ұйымының заңгері Р.М. Қыдырбаева «Мен білуге тиістімін!: еңбек заңнамасы саласында құқықтық мәдениетті арттыру», сонымен бірге «Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара жұмыс жасау: әлеуметтік желілермен жұмыс жасаудың негізгі әдістері» тақырыптарында тыңғылықты ұсынылған материалдарды жастар жеңіл әрі қызығушылық таныта игеріп, өз аймақтарындағы жас әріптестерімен тәжірибе барысында бөлісеріне кәміл сенеміз.

Бағдарлама аясында Салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Т. Амантаеваның сұхбаттасу алаңы (еркін сұхбат) өткізілді. Майра Тұрғанқызы жастар алдында өзінің өмірбаянымен, кәсіби жолындағы деректерімен, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңында әр қатысушы-ұстазға «Өмір өткелдері» кітабын сыйлыққа тарту етті және әр кітапқа өз тілегін жазып ұсынды.

Қала әкімі Б.А. Өнербаевтың шақыруымен және Қаратал өзінің жеке қатысуымен жас ұстаздар, қонақтар кешкілік мерзімде өзен жағасына серуенге және экскурсияға барып, жергілікті жердің тарихынан сыр шертіп, ән шырқап, серігіп қайтты.

Күнделікті таң дене шынығу жаттығуымен басталатын лагерьдің соңғы күні де жастардың алаңға шығып бой жаздыруымен басталды. Шараның жабылу рәсімінде Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы С.Н. Әбдіқадыров барлық қатысушылар мен қонақтарға алғысын айтып, сыйлықтар сыйлады.

«Жас ұстаз – жарқын болашақтың бастауы» жазғы лагерін өткізуде Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жоғары белсенділік танытты. Осы орайда Алматы облысының  кәсіподақ ұйымына, жас ұстаздары мен белсенділеріне ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

Жас мамандар мен ұстаздар да қалыс қалмай, өз ой-пікірлерін ортаға салып, ризашылықтарын білдірумен ерекшеленіп көзге түсті.

Шараның қорытындысы ретінде Талдықорған қаласына барып, шаһардың әдемі де көрікті жерлерімен, Жастар орталығымен, оқушылар сарайымен, жастар саябағымен танысты.

Бұл іспетті шаралар жас ұстаздарды тек уақыт өткізу үшін ғана емес, ең алдымен, бірлік танытуға, өзара тәжірибе алмасуға және кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарымен танысуға үлкен мүмкіндіктер берері анық.

«Жас ұстаз – жарқын болашақтың бастауы» Республикалық жазғы лагерінің қатысушы-жас ұстаздарға сертификаттар табысталды, белсенді жастар Салалық кәсіподақтың Алғыс хаттарымен марапатталды.









Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки